​міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстық хабарлама

23.12.2015

КОНКУРСТЫҚ ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының «Телерадио хабарларын тарату туралы» Заңының 7-бабының 6 және 7-тармақтарына сәйкес міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша және телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс жариялайды.

КонкурсҚазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 494 бұйрығымен бектіліген Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларына және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 488 бұйрығымен бекітілген Мiндеттi теле-, радиоарналардың тiзбесiн қалыптастыру бойынша конкурс өткiзу қағидаларына сәйкес өткізіледі (бұдан әрі- Қағида).

Өтінімдер және оғанқоса берілген құжаттар ақпараттық хабарлама ресми жарияланған күннен бастап 2016 жылғы 15 қаңтар күні сағат 18.00-де аяқталады.

Конкурстық құжаттар мына мекен-жай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті, 201 «В»-бөлме.

Қағидалардың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес рәсімделген өтінімдер мен құжаттар салынған конверттерді ашу 2016 жылғы 18 қаңтар күні 15.00-де мына мекен-жайда өтеді: Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс (745-бөлме). Конкурс қорытындысы конверт ашылған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде шығарылады.

Көпарналы хабар тарату ортасының (цифрлық эфирлік/спутниктік) өтінімі әрқайсысына жеке толтырылады.

Цифрлық мультиплекске енгізу үшін цифрлық эфирлі телерадио хабарларын таратуға өтінім тізімге сәйкес беріледі.

Бұл ретте, жоспарланған цифрлық эфирлі телерадио хабарларын таратуға радиотелевизиялық станциялардың (тарату аумағы) мекен-жайлары бір өтінімде көресетіледі.

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефоны:+7 (7172) 740-538.

Қосымша:

1) ЦЭХТ бойынша радиотелевизиялық станциялар тізімі;

2) Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша өтінім формасы;

3) Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстық ұсыныстар ;

4) Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстық өтінім;

5) Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстық ұсыныстар;

Мейрамдар

  • ҚЫР. 8
    Халықаралық журналистер ынтымақтастығы күнi
  • ҚАЗ. 23
    Жарнама қызметкері күні
  • ҚАЗ. 24
    Халықаралық ақпарат және даму күні

Әріптестер