Цифрлық дәуірдегі теледидар: Қазақстандық ақиқат және жаһани беталыс» хабар таратушылар форумы

15.10.2014

Қазақстан ҰТТА Сорос-Қазақстан Қорының қолдауымен 2013жылдың 29 қазанында «Цифрлық дәуірдегі теледидар: Қазақстандық ақиқат және жаһани беталыс» хабар таратушылар форумын өткізді. Форум Астана қаласында “Rixos” қонақ үйінде өтті. Форумның мақсаты – хабар тарату саласындағы кеңінен тараған, сандық телевидениеге көшу, тұрғындардың дайындығы және сандық дәуірдегі хабар таратушылар деген мәселелер бойынша пікір алмасу.

Форумды өз сәлемдемелерімен Сорос-Қазақстан Қорының Басқарма Төрағасы А. Артемьев және ОБСЕ басшысы Н. Зарудная. Ф. Эмрик, Е. Плахина және Д. Цыренжапова «Ашық Қоғам» Қорының (Ұлыбритания) Сорос-Қазақстан Қорынымен бірлесе отырып жүргізген «Сандық БАҚ картасы: Қазақстан»/ «Mapping Digital Media: Kazakhstan» атты ғылыми презентациясын ұсынды.

Содан соң, ҚР мәдениет және ақпарат Министрлігінің ақпарат және мұрағат Комитетінің Төрағасы Б.Кальянбеков, «Қазтелерадио» АҚ Төрағасы М.Қадыралиев сөз сөйледі және атқарушы директор Ш.Жақсыбаева Қазақстан ҰТТА Counterpart International мекемесінің қолдауымен өткізген әлеуметтік зерттеу нәтижелерімен таныстырды. Өткізілген әлеуметтік зерттеу нәтижелері Қазақстанның 4 қаласында – Қызылорда, Ақтөбе, Петропавл, Қарағанды қамтып, жекеменшік телеарналардың рейтингісі туралы, тұрғындардың эфирлік телевидениені қабылдау үшін, сандық хабар қабылдаңыштарға қол жеткізуді бағалау мәселелерін көтерді.

Форумда ҚР Парламент депутаттары: ҚР Мәжіліс Парламент депутаты Айгүл Соловьева, ҚР Сенат Парламент депутаты Т.Абайділдин, Т.Күзеков қатысты. Сондай-ақ, форумда ҚР Президент Әкімшілігі өкілдері, жеке және мемлекеттік хабар таратушылар, мемлекеттік емес жіне халықаралық мекемелер қатысты.

Форумда Украинаның Тәуелсіз Телерадиохабар Таратушылар Бірлестік атқарушы директоры К.Мясникова, Солтүстік-Қазақстан құқықтық медиа-орталығы директоры Д.Окремова, Кәбілдік операторлар бірлестігінің Президенті А.Шин, Бас редакторлар Клубының Президенті Н.Жолдыбай, «Астана» телеарнасының директоры А.Шужеева, «Отырар» телеарнасының директоры В.Куликова, «Новое ТВ» директоры Р.Никонович, Әділет Министрлігі Зияткерлік меншік құқығы Комитетінің Төрағасы Ш.Әбдреева, Қырғыз Республикасының Мәдениет және ақпарат Вице-министрі А. Темірбекова қатысты.Форумға 124 адам қатысты, соның ішінде заң шығарушы және атқарушы билік өкілдері, жалпы ұлттық және аймақтық телеарналар мен телерадио хабар таратушы операторлар басшылары, қоғамдық және халықаралық мекемелер.

Мейрамдар

  • МАУ. 28
    Қазақстан журналистер күні
  • ШІЛ. 2
    Халықаралық спорт журналистері күні
  • ҚЫР. 8
    Халықаралық журналистер ынтымақтастығы күнi

Әріптестер