Қазақстандық телерадио хабар таратушылар басқару мен реформалаудың айқындылығын күтуде

30.05.2012

30 мамыр күні Алматыда «Қазақстанда телерадио хабарларын таратуды қоғам мен сала пайдасына реттеу» деген атпен конференция өтті. Сорос-Қазақстан Қоры қолдауымен Қазақстан Ұлттық Телерадиохабар Таратушылар Ассоцияциясы ұйымдастырған осы аталған іс-шарада халықаралық, қоғамдық, баспасөз мекемелері, телеарналар, кәбілдік телевидение операторлары қатысты. Жиналғандарды Сорос-Қазақстан Қорының Төрағасы Антон Артемьев қарсы алды. Мемлекеттік мекемелердің атынан ҚР Мәдениет және ақпарат Министрлігінің ақпарат және мұрағат Комитетінің төрағасы Болат Кальянбеков және ҚР Мәдениет және ақпарат Министрлігінің стратегиялық жоспарлау Департаменті директорының орынбасары Марат Абсаттровпен келді. «Қазтелерадио» Акционерлік қоғамының атынан Басқарма төрағасы Абай Кадралиев және Бас коммерциялық директор Ерлан Жазықбаев қатысты.

2011 жылы «Телерадио хабарларын тарату туралы» Заңының өңдеулу барысында қоғамда жарқын-жарқын пікірталас тудырдғаны баршаңызға мәлім, міне осы заңға Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 2012 жылдың қаңтар айында қол қойды. «Телерадио хабарларын тарату туралы» Заң жобасы құқықтық тәуелсіз және антикоррупциялық бірнеше халықаралық сарапама объектісі болды. Нақты қорыта айтар болсақ, олардың пікірі бойынша «Заң жобасында телерадио хабарларын тарату саласының мемлекет тарапына өтуіне, азаматтардың ақпаратқа қол жетімділігі мен сөз бостандығы, саланы басқаруда қоғам пікірімен санаспау механизмдері коррупцияға жол ашады» - деген үкім айтты. ҚР Парламент Сенатының, ҚР Премьер-министртінің және екі рет Мемлекет басшысының атына заң жобасын түгелдей өңделмей оның қабылдануына жол бермеу керек деген жолдаулар жолданды, бірақ оларға да қоғамдық және баспасөз мекемелерінеде ешкім құлақ аспады. Осындай мәтіндегі жолдаулар мынандай халықаралық беделді мекемелдердің атынан жолданды: ОБСЕ, Сорос Қоры, Артикль 19. Бірақ, бұл тура шөлейіттегі айқай болып шықты, 2012 жылдың 18 қаңтарында заң жобасына мемлекет Президенті қол қойды, ол 2012 жылдың 2 наурызынан бастап күшіне енеді.

Қоғамда осындай қобалжулар тудырған заң жобасы құқықытық сауаттылық жағынан алыстау болды, және ол заңмен жұмыс істеу үшін отыз шақты құқықытық (заңға қосымша) нормативтік актілер қабылдануын қажет етті. Нақ осы себеп саланың басқа мәселелерімен бірге осы қоғамдық пікірталастың өтуіне басты себепкер болды. Қазақстан ҰТТА атқарушы директоры Шолпан Жақсыбаева өзінің алғашқы сөзінде, осы саланың қатысушылары атынан заңға қосымша актілерді қабылдау процессі жабық түрде, яғни сала мен қоғамның қатысуынсыз өтіп отыр деп дабыл қақты. Санаулылардың бірі болып Қазақстан ҰТТА «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП мүшесі ретінде заңға қосымша актілермен танысып, өзінің болжамдарын төрт акт бойынша берді. Ш.Жақсыбаева өзінің мынандай зерттеулерімен бөлісті: құқықтық нормативтік актілер көбінде заңға қайшы келеді, байқау тәртібінде орындалуы мүмкін емес немесе байқауға қатысушыларға шектен тыс талаптар қоюы, телерадио хабарларын таратуды жақсарту мәселесі бойынша Комиссия қызметінде айқындықтың болмауы, жоғарыда көрсетілген Комиссия шешімдеріне шағым беру және коррупцияны болдырмау механизмінің болмауы. Заңға қосымша актілер байқау процедураларына байланысты болған сон, хабар таратушылармен операторлар үшін ең маңызды мәселелердің бірі, сондықтан Ш. Жақсыбаева жұмыс барысын барынша айқын етуге шақырды. Оның үсітне «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңның 14 бабында былай көрсетілген: «Әзірленген заң жобалары мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберіле отырып, бір мезгілде уәкілетті органның ғаламтор-ресурсында орналастырылады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілер жобалары уәкілетті мемлекеттік органдардың ғаламтор-ресурстарында орналастырылады». Сонымен қатар, ол барлық заңға қосымша актілер қосымша құқықтық, экономикалық, антикоррупциялық сараптамадын өту керек дегенге назар аударды. «Заңға қосымша актілерді өңдеушілердің редакциясына берген жағдайда, біз 100 пайызға жеке телерадио хабар таратушылар субъектілеріне кереғар әсерін тигізбеді деген болжамның жоқ екеніне сенімді болу керекпіз» - деп айтты.

Ол сөзінің екінші бөлімін осы саланың проблемаларына арнады. Ш.Жақсыбаева телерадио хабарларын тарату саласын реттейтін екі министрліктің болғаны салаға пайда алып келмейді деді: сандық хабар таратуға көшу үшін мекемеге бөлінетін қаражат шығынына мониторинг өткізу қиынға соғады. Қандайда бір шешімнің қай жерден келгенін бақылау қиын. Мысалыға, қазір шартты қолжетімділік жүйесін жер үсті хабар таратуда қолдану туралы жарлықтың қай мекеменің бергенін анықтау мүмкін емес. Ал егер бизнес субъектілерінде проблема туындаған кезде - екі министірліктің арасында жүгіруге тура келеді. «Сандық процессте соңғы шешімді қабылдау орталығы оған бағынатын басты фигура– «Қазтелерадио» АҚ біреу болу керек» - деп түйіндеді.

Сондай–ақ, ол 2030 жылға дейін телерадио хабарларын тарату саласын дамытуда дайындық жоспары қажет деген ойымен бөлісті. Осыған байланысты ол мемлекеттік өнімсіз арналарды жойып, олардың үлесін конкурс арқылы барлық телеарналарға бөліп, мемлекеттік сатып алудың жиырма жылдық моделін қайта қарауды ұсынды. Бұл ұсынысқа ҚР Мәдениет және ақпарат Министрлігінің ақпарат және мұрағат Комитетінің Төрағасы Болат Кальянбеков мемлекеттік арналар маңызды тапсырмаларды атқарады деп қарсы шықты. Ш.Жақсыбаева былай деп жауап берді: «Барлық мемлекеттік лицензиясы бар ортақ ұлттық коммерциялық және Қазақстан территориясындағы аймақтық телеарналар тапсырма деңгейі жағынан мемлекеттік арна болып келеді. Олардың ішінде мемелекетке қарсы жұмыс жасайтындары жоқ. Осыған байланысты, тек сол мемлекеттік арналарды қолдауға ұмтылып, басқаларына немқұрайлы қарау бүгінде Қазақстанның телевизиялық саласының қандай екенін анықтан- анық көрсетіп тұр.

Сонымен қатар, ол былай мәлімдеді: «Жаңа мемлекеттік арналарды ашу туралы шешім телерадио хабарларын таратуды жақсарту мәселесі бойынша Комиссияның үкімі шықпай тұрып, министрлердің кабинетінде шешім қабылдануына жол берілмеу керек. Бұл біреудің жеке қалтасына қатысты емес, шығынның қосымша және тиімді жұмсалуына күдік тудыратын салық төлеушінің қалтасынан төленеде». Сөз соңында соңғы кездері осы саланың ішіндегілердің хабар тарату жайына көңілдері толмайтындықтан, Қазақстанда жеке баспасөзді тексеретін қызметін ашуын ұсынды. Осы арада да Министерлік сөз айтуы мүмкін еді.

ҚР Мәдениет және ақпарат Министрлігінің ақпарат және мұрағат Комитетінің төрағасы Болат Кальянбековтың сөзі мазмұнды және ақпаратқа толы болды. Министрліктің жұмыс бағытын барынша ашық және айқын екенін ескерте кетті. Ол басты тақырыпқа тоқталып, Мәдениет және ақпарат Министрлігімен көлік және коммуникация Министрліктерінің арасында өкілдікті бөлісетін хаттамаға қол қойылғанын айтты. ҚР Мәдениет және ақпарат Министрлігінің мемлекеттік өкілеттік органына телерадио хабарларын тарату саласы бойынша кіретін функциялар: санақ жүргізу, қазақстандық және шетелдік телеарналарды қайта тіркеу; телерадио хабарларын тарату операторларын лицензиялау, міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін құру; еркін қолжетімді радиоарналар және телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиілік жолақтарын, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу жөніндегі.

Министрлікке телерадио хабарларын тарату субъектілерінің қызметінде БАҚ-ындағы жарнама, мәдениет, тіл туралы т.б. заңнамада көрсетілген талаптарды орындауын бақылау және мониторинг өткізу функциялары тапсырылды. ҚР көлік және коммуникация Министрлігіне сандық хабар таратуға көшу жөнінде, радиожиелік спектры техникалық мәселелері және «Қазтелерадио» АҚ қызыметін бақылау жүктеледі. Процедуралар жабық түрде болады деген қарсылыққа берген жауабында, ол ендігіде барлық нормативтік құқықтық актілердің жобасы сайтта орналастырылады және мекеме даулы мәселерді талқылауға әр дайым дайын екенін айтты.

Мемлекеттік емес мекемелердің өкілдерімен ынтымақтастыққа Министрлік үлкен көңіл бөледі – деді, Б.Кальянбеков. 15 мүшеден тұратын телерадио хабарларын таратуды жақсарту мәселесі бойынша Коммисяның жаңа құрамына алты мемлекеттік емес мекемелердің өкілдері кіреді деп шешті. Сонымен қатар, ол ҚР Мәдениет және ақпарат Министрлігіне қарасты БАҚ мәселелері бойынша Кеңес құрамына Қазқастан ҰТТА директоры кіреді – деп хабарлады.

ҚР Мәдениет және ақпарат Министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және Халықаралық ынтымақтастық Департаменті директорының орынбасары Марат Абсаттаров телерадио компанияларына рұқсат беретін құжаттарды алу, шетелдік БАҚ санаққа алу, телерадио хабарларын тарату саласында лицензиялау рәсімідерінде әкімшілік тәртіптің өзгергеніні туралы мәселелерге тоқтала кетті. Сандық форматта телерадио хабарларын таратуға көшу мәселелері туралы сұраққа жауап бере отырып, ол қоғамдық мекемелердің соның ішінде Қазақстан ҰТТА әйгілі түрде жарияланатын барлық телеарналарға қойылатын шарттың талаптары жайлы пікірлерінің арқасында, уәкілетті орган заңның 42 бабына «облыс және қала аумағында аналогтік жиіліктер белдеулері арқылы хабар таратылатын телеарналар міндетті түрде телерадио хабарларын таратудың Ұлттық операторы телеарналар топтамасына тегін қосылады және аналогтік, сандық эфирлік хабар тарату кезеңінен сандық эфирлік телерадио хабарларын таратуға толық көшкенге дейін мемлекеттік емес еркін қолжетімді теле-, радиоарналарды тарату республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады». Кәбілдік телевидение жөнінде айтқан сөзінде, кәбіл операторларының міндеті ретінде міндетті теле-,радиоарналарды трансляциялау өзара келісулер арқылы жүзеге асырылатыны туралы маңызды ереже заңға қосылғанын айтты.

«Қазтелерадио» АҚ Төрағасы Абай Қадралиев өз сөзінде жиналған қауымға мекеменің сандық эфирлік телерадио хабарларын таратуы жайында толығырақ айтып өтті. Бірінші тоқсанда Астана, Алматы, Қарағанды, Жезқазған, Жанаөзен қалаларында сандық эфирлік телерадио хабарларын тарату желісін пайдалану сынағын өткізгені туралы хабарлады. Бірінші кезең бойынша, сандық эфирлік телерадио хабарларын тарату желісін пайдалануға беру 2012 жылдың шілде айына жоспарланғаны ресми түрде жарияланды. Сандық эфирлік телерадио хабарларын тарату мультплекс қағидаларын қалыптастыру жөнінде еркін қолжетімді телеарналар тізімі, міндетті түрде телерадио хабарларын таратудың Ұлттық операторы телерадио хабарларын тарату жөніндегі Мемлекеттік Комиссиясы анықтайтынын айтты. Мультплекстерді қалыптастыру кезінде телеарналар меншік формасына қарамастан, еркін қолжетімді телеарналар тізімі бойынша өз басымдылығын сақтап қалады. Телерадио хабарларын тарату Ұлттық операторы міндетті түрде аналогтік стандартта желіні жетілдіру кезеңінде телеарналарға сандық форматта трансляциялау мүмкіндігін ҚР Азаматтық заңына сай телекомпаниямен шарттқа отыру бойынша береді. Облыс орталықтарының және Астана, Алматы қалаларының деңгейіне сай екі мультплексті (30 SD-арна) құру үшін екі таратқыштан орнатылады. Аудан орталықтарының және одан төмен деңгейіде бір мультплексті (15 SD-арна) құру үшін бір-бір таратқыш орнатылады.

«Қазтелерадио» АҚ Төрағасы техникалық шешімдерді қабылдау республикалық және аудандық телеарналардың барлық аналогтік жиіліктіктеріндегі арналарды әр өңірде мультплекске қоса отырып сандық эфирлік телерадио хабарларын таратуға мүмкіндік береді. Тарифтерге қатысты айтқан сөзінде, 2014 жылға қарата эфирлік жиілікте телеарналарды тарату тарифтерді реттейтін және қалыптастыратын мемлекеттік нормативтік актілер негізінде бекітілетін методика өңделеді. Сандық желіне құру жұмыстары аяқталған соң және аналогтік желіде хабар таратуды толықтай бітірген соң, яғни 2016 жылдан бастап тарифтерді еңгізу жоспарланған. Параллельді түрде хабар тарату кезеңдерінде (2012-2015жылдары), телерадио арналары сандық хабар тарату үшін тікелей пайдалану шығыны республикалық бюджет қаражатының есебінен ақысыз аналогтік және сандық желіде тарату қарастырылған.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Телекоммуникация Бірлестікгінің Ғылыми-кеңес орталығының Директоры Евгений Малишевский өз сөзінде,бүгінгі телерадио хабарларын тарату саласының технологиялық дамуы көптеген кемшіліктер мен қайшылықтарға толы нормативтік базаның дамуынан озығырақ екеніне қатысушылардың назарын аударды. Мысалыға, халықаралық заңнамалардың жетілдіруін есепке алмау, қазіргі кездегі өңделіп жатқан және күшіне енген құқықтық актілердің қарама-қайшылығы, көптеген терминдер мағынасының нормативтік анықтамалары әр-түрлі болуы (құрал-жабдықтармен телерадио хабарларын тарату саласындағы негізгі субъектілерінің терминдері және қызметтік анықтамаларына қатысты), жаңа технологияларды реттеу жүйесіндегі кемшіліктер және лицензияны мейлінше ұзақ мерзімде дайындау, жиеліктерді қолдануды алдын-ала келісіп алу. Е.Малишевский құқықтық-нормативтік реттеу саласының ең басты кемшіліктері ретінде оның терминологиялық базасының ретсіздігі және негізгі болып саналатын мынандай сала анықтамаларын атады: трансляцияция, ретрансляция, хабар тарату кестесі, қабылдау, қызмет көрсету аясы, мультпекс, хабар таратушы. Айта кететін тағы бір жайт, жаңа заңға сай сала субъектілері ретінде байланыс операторлары кірген жоқ, яғни телевизиялық бағдарламасын беру үшін телерадиокомпания телерадио хабарларын таратушы операторларымен қалай байланысу керек түкте түсініксіз.

-Заң аналогтік хабар тарату, кәбілдік, спутниктік, жеке ұжымдық қабылдаудың бар екенін мойындайды. Ал Ғаламторда хабар тарату жүйесі қайда? Осыған қарағанда, телерадио хабарларын тарату бойынша ортақ қызметтік нормативтік анықтамалар жоқ. Біз басқа тілде сөйлейміз, егер бүгін терминологиялық кемшіліктер проблемасы шешілмесе, ертең бұл көкейтесті мәселенің бастамасы болады – деп, Евгений Малишевский сөзін аяқтады.

ҚҰЭП «Атамекен» Одағының» сарапшысы Нэля Твердовская телерадио хабарларын тарату саласындағы келіс-сөздердің келешегі жайында сөз қозғады. Толығырақ айтар болсақ, ол «Атамекен» Одағы» Қазақстанның Ұлттық Экономикалық Палатасы – құқықтық нормативтік актілердің жобаларын пысықтау және сарапшылар тұжырымдамасын дайындау үшін мемлекеттік мекемелерден тағайындалған мекеме екенін хабарлады. «Атамекенге» келіп түскен барлық заң жобалар сарапшылар тұжырымдамасының түйіндемесін жасау үшін бірлестіктер мүшелеріне қарастырылуға жіберіледі. «Осы жерде палатаның мүшесі Қазақстан Ұлттық Телерадиохабар Таратушылар Ассоциациясымен тығыз қарым-қатынаста екенін айта кету керек. ҰТТА осы саланың даму мәселелеріне немқұрайлы қарамай, АҰП жобаларына ұсыныс жасауда белсенді қатысады» - деп, айтты «Атамекен» өкілі.

- «Атамекенге» мәдениет және ақпарат Министрлігінен осы айдың ішінде міндетті телеарналардың тізімін құру, телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиеліктердің белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік аранларын) бөлу, телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары сияқты мәселелерді қамтитын жеті нормативтік құқықтық акт қарастырылу үшін келіп түсті. «Атамекен» Қазақстан ҰТТА бірлесе отырып бекітілген тәртіптің нақ орындалуы, әлеуетті үміткердің конкурсқа қатысу қол жетімділігі және ашықтығы, конкурстық рәсімдеу процестерінде әкімшілік кедергіні қолдану мүмкіндігінен айрылу, тендерді жеңушілерді анықтайтын қағидаларының айқындылығы, телерадио хабарларын таратуды дамыту комиссия мәселелерін қалыптастыру сияқты нормаларға ұсыныстар енгізіді.

- Қазіргі уақытта «Атаменкен» ҚР мәдениет және ақпарат Министрлігімен арасындағы толық қанды келіс сөздер жүргізу реттеліп келеді. Министрлікпен оңтайлы нәтиже жинақталып енгізілген ұсыныстарды қарастыру және оларды ортақ талқылау, осыған сай аталған заңға қосымша аткілерді туралау кезінде көрсетілді. «Атамекен» мен мәдениет және ақпарат Министрлігі арасындағы келіс-сөздер телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелерін шешу форматында бірлескен мүшелердің ойын жеткізу өкілі ретінде өз рәлін атқарып шықты деп есептейміз.

- «Атамекен» барлық келіс-сөз жүргізушілердің мүддесін қорғай отырып, сала проблемаларын шешуде, оларды талқылап қарастыру үшін және екі жақтық тиімді нұсқаларды іздеу үшін өз алаңын беруге әрдайым дайын – деп, Нэля Твердовская өз сөзін қорытындылады.

«Әділ Сөз» Халықаралық сөз еркіндігін қорғау қорының Президенті Тамара Калеева Қазақстанда қоғамдық телевидениенің келешегі туралы сөз қозғады. «Телерадио хабарларын тарату туралы» заң жобасымен жұмыс кезінде жұмыс тобы осындай детальдарға байланысты бірнеше рет ұсыныс бергеніне қарамастан, заңда қоғамдық телевидениені ашу жайында бірде –бір сөздің жоқ екендігін байқады.

-Қоғамдық телевидениенің қарсыластарының негізгі алға қойған дәйектірі – бұл қызмет тұрғындардың өзімен арнайы салық ретінде төлену керек, бірақ ел-жұрт оған дайын емес. Бұл пікір дәрменсіз. Мысалыға, Ұлыбританиядығы ВВС сияқты компаниялар бар олар халықтан міндетті түрде ай сайын абоненттік төлем ақы алып отырады. Бірақ, қоғамдық телевидениенің қызметі мемлекет тарапынан төленетін сәтті мысалдары бар. Осыған мысал, СВС канадалық хабар тарататын корпорацияның жұмысына жыл сайын өзгермейтін пайыз мөлшеріндегі салық сомасы бөлінеді. Сонымен қатар, қоғамдық телевидение бір дегенде бірнеше көздерден ақша ала алады, осы ретте америкалық PBS компаниясы тек көрерменнен ғана емес, сондай-ақ АҚШ Конгресі де қаржыландырады және осы қатарға телевидениенің жобаларын қолдайтын ірі корпорацияларды да кіргізуге болады. Бүгінгі таңда қоғамдық телевидение 49 мемлекетте бар, мұны біздің заң шығарушы органдардың білмеуі мүмкін емес. Меніңше, олардың Қазақстандағы қоғамдық телевидениенің қолдамағандарының түбінде БАҚ -ның бұл түрі мемлекеттік бақылауды мойындамайтын қызметтік қағидасы деп санаймын. а) қоғамға арналған б) қоғаммен қаржыландырылады в) қоғаммен бақыланады деген, қоғамдық телевидениенің қызмет ұстанымын тізбектей отырып, біздің шенді азаматтар телевидение бақылаусыз жұмыс істейді дегенді ұйғара алмауы – деді, Т.Калеева.

«Интерньюс Қазақстан» атқарушы директоры Маржан Ельшибаева жиналған қауымға министрлікпен жеке аймақтық телеарнлардың болашағына кепілдеме, оның мәртебесі және телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі Комиссия құрамына қоғамдық мекемелердің атынан өкіл болуы туралы заң ережелері бойынша ашық пікірталастар заң жобасын бірге құру кезіндегі іскерлік ынтымақтастық қиынға соққанын ескерте кетті.

«Еер қандайда бір жетістіктерге қол жеткізген болсақ, ол ақпараттық қоғамдық мекемелердің және осы сала өкілдерінің бір табандылығы мен тек принциптік ұстанымның арқасы» - деп айтт М.Ельшибаева. Осы кезеңге сай, ол өкілетті мекемелерді «Телерадио хабардарын тарату туралы» заң аясындағы актілермен жұмыс жасау барысында барынша ашық форматта ары қарай іскерлікті жалғастыруға шақырды. Осыдан басқа, ол сандық эфирде хабар таратуға көшу туралы елімізде кең көлемде ақпарат беру қажеттігін айта кетті.

«Новое ТВ» телеарнасының бас директоры Руслан Никоновичтің сөйлеген сөзі баршаға қызық болды:

-Қайталап айтамын, телерадио хабарларын тарату туралы заңы телеарналардан сатып алған телеарна диапазонын ұлттық жиілік спектрын заңдастырды. Және заңның 15 бабына сай босаған жиіліктерді сатады. 100% мемлекеттік үлесімен жиілікті пайдалану құқысын 20 жылдай жұмыс жасап тұрған көптеген телекомпаниялардың орнына бір АҚ беру. Ал қалған телеарналардан алынған жиіліктерді екінші қайтара сататын өкілетті мекеме басқарады. Аналогтік жиілік меншік иесінің сұрағы – сол аталмыш сандық үлеспайданы кім алады: осы сала қатысушысы немесе өкілетті мекеме, тура айтар болсақ мемлекет? Біз адал сатып алушылар болдық, мемлекет бізге 15-20 жыл бұрын жиілікті пайдалану үшін бір қалаға 70000 шартты өлшемнен басталатын есеп-шотты төлеуге жіберді, біз оны төлеп отырдық. Және біз оны дәлелдей аламыз. Онда неге қазір бізді алдамақ ойлары бар, біздің құқығымызды бұзбақ? Заңның кері күші бар ма? Осы қақтығыстарды талқылау кезінде – біз аналогтіқ жиілік құқығымыздан бас тартамыз, бірақ бізді ұзақ мерзімге (7-10 жыл) міндетті бағдарламалар жиынтығына қоссын деген, ымыралы нұсқа ұсындық. Бұның орындалуы әбден мүмкін екеніне сеніңіздер, шындығына келсек Қазақстандық телеаранлар бірен-саран.

Қазақстанның бас редакторлар клубының вице-Президенті Бигелді Ғабдуллиннің айтқан сөздері айқын және есте қаларлықтай болды. Өз сөзінде ол біздің телеарналардың, нақтырақ айтар болсақ мемлекеттік телеарналарды қамтамасыз ету жайында айтты. Қазақстандық «Балдырған» телеарнасымен ресейлік «Теленяня» арналарын салыстыру нәтижесі соңғысының еншісінде болды. «Бізде мынандай жағдай орналған: материалдық база, жеткілікті кәсіпқой маман, техникада жеткілікті, бірақ мұның бәрі сапалы өнім шығаруға мүмкіндік тудырмай отыр. Осының кесірінен көрермен зардап шегіп отыр. Бигелді Ғабдуллин кеш болып кетпей тұрған, қазақстандық телевидениенің ахуалын өзгерту үшін парасатты шешім қабылдауға шақырды.

Сергей Карпов Юнеско-ның Ұлттық бағдарлама маманы Қазақстандағы сөз еркіндігі бойынша халықаралық міндеттің орындалуы туралы маңызды аспектілердің бірін қозғады. БАҚ мемлекеттік және жеке мекемелерінен бөлек, жергілікті БАҚ қауымдастықта болып хабар таратудың қоғамдық қызметін құру тәжірибесі кеңнен таралған, осыдан барып БАҚ классикалық пікір алуандығы БАҚ-ның 4 формасына айналады – мемлекеттік, жеке, қоғамдық, қауымдастық (жергілікті). Қазақстанда монополиясыздандыруға көңіл аударуға баяғыда-ақ уақыт жеткен. Ол туралы аудитория, тираж, айналым/кіріс алу, жарғы капиталын немесе акцияларды бөлу, жан-жақты біріктіруге байлынысты шешуге болады. Сергей Карповтың сөздері халықаралық стандарттар туралы болды, Қазақстанда бұл мәселе маңызды екені оның әр сөзінен байқалды. Мемлекет БАҚ–ның пікірінің алаундылығының дамуына қандай іс-шаралар қолдана алады? Бірінші орында – пікір алуандылықтың көркейуіне әсер ететін шектен тыс қоятын бөгеттер және оның дамуына көмектесетін акттар. Бұл нарықты монополизациялауға қарсы хабар тарату жүйесінің ішіндегі меншікті құрмдастыру заңдары. Келесі шаралар – баспасөз саласындағы шағын және ірі ойыншылардың айырмашылығын мойындау, меншік иесі туралы ақпаратты айқын және ашып көрсету туралы ережелерді қабылдау және мемлекетті басқару органдары монополизм салдарын белсенді бақылап отыру.

С.Карповтың айтқан сөздерінің қызықтысы, меншіктің алуан түрлілігін қолдау бойынша халықаралық ұсыныстар (әрқашан қоғамдық мекемелер айтып жүрген мәселе) –мемлекеттік, жеке меншік, қоғамдық БАҚ араларында өзара бөлектеу жасамау. Егер сандық хабар тарату құқықтық реттеу жүйесі хабар таратуды қамтыса, жергілікті станцияларға автоматты түрде сандық хабар таратуға лицензия беру керек. Тура осы кезде жиналған қауым соңғы ұсынысты жүзеге асыру мүмкін еместігін аңғарды, себебі заңға сәйкес телеарналарда лицензия мүлдем болмайды. Әзірге БАҚ-ның арасындағы айырмашылықты болдармау жөніндегі мәселе бойынша да мақтана алмаймыз – үкіметке сол баяғыдай мемлекеттік арналар жақын. Әрине, ол салық төлеушілердің арқасында.

- 2011 жылыдың мамыр айының 3 жұлдызында азаматтық ақпараттық құқықтарына шек қою тақырыбында халықаралық конференция болып өтті. 47 мемлекет қатысушыларымен өткен жиында эфирлік, кәбілдік жүйелерді кодтау қабылданбау керек деген келісім бекітілді. Қазір авторлық құқық және сабақтас құқықты заңы барысында азаматтық ақпараттық құқығын қамтамас етуді қысу бастамасы болып жатыр. Бірақ Қазақстанға ерте болсын, кеш болсын осындай заңдарды қабылдауға тура келеді, себебі біз елімізде белгілі халықаралық стандарттарды орындау керек халықаралық бірлестіктің толық құқылы мүшесіміз – деп, сөзін аяқтады ЮНЕСКО-ның Ұлттық маманы.

Литва журналисттері Одағының Төрағасы, қоғамдық телевидение мен радионы Бақылау кеңесінің мүшесі Даниус Радзевичус, Литвада телерадио хабарларын тарату жөніндегі ақпаратпен бөлісті. Барлық заң жобалары, акттар министрлікпен болсын, парламентпен немесе жұмыс тобымен өңдеуіп жатқан жағдайда өңдеушінің, әділет Министрлігінің және Литваның Парламент сайтында жариялану керек. Барлық жолдама хаттар, келіп түскен ұсыныстар, пікірлер және міндетті терминдер тіркелуі керек. Сондықтан, қандайда бір құқықтық акт азаматтық қоғаммен, баспасөз бірлестіктерімен байқалмай қалу мүмкіндігі жоқ. Литваның әділет Министрлігінде 10 жылдық өтілі бар бұрынғы мемлекет қызметкері ретінде, ол: «Мен асқан ақылды мемлекет қызметкері бола тұра, осы заңға қатысы бар азаматтармен ақылдаспасамда болады. Мен қалай кеңседе отырып, осылау жасау керек, тура осы дұрыс деп айта аламын. Бұл салада мен емес олар жұмыс жасайды ғой». Ол Литвада шетелдік телеарналарды тіркеу жайлы сұрақтарға жауап бергенде, жиналғандарды жауабымен таң қалдырды: «Кез-келген арна Литваға еркін кіре алады. Ешқандай тіркелусіз және бөгетсіз. Бұған мемлекет кепілдік береді. Ал енді ол жумысын жүргізе алады ма, танымал бола алады ма - дегенге біз уәде бере алмаймыз. Бұл телеарна Литва заңын бұзбайды деген жағдайда. Істің қисыны қарапайым – сапасыз контентпен күресті ақпарат көзінің көптігімен, контенттің бақталастарының көмегімен жүргіземіз.» Осы бір мезетте спикер бұрынғы социалисттік лагерьден емес, басқа планетадан келгендей көрінді.

«Артикль 19» Халықаралық құқық қорғау мекемесінің медиа-сарапшысы Бойко Боев, сандық форматқа көшу шешімі азаматтық ақпараттық құқықтық мәселелерін қамтиды, сол себептен қандайда бір қоғамның пікірі назарсыз қалу жағдайы туындалмай, қоғамдық пікірдің нәтежесінен тууы керек. Сонымен қатар, сандық форматтың техникалық мүмкіндігі барлық хабар таратушыларды эфирде қалдыруға жетеді, сол себептен алуан түрлі принципті ұстанудың қажеті жоқ. Сондай-ақ, ол жиілікті тарату процессі ашық болу керек дегенге назар аударды. Осыған байланысты ол, жиілікті бөлу тетігі, қоғаммен бақыланып отыру мүмкіндігі төмен, мемлекет қолында осының бары топталғанына өзінің аландауын білдірді. Оның үстіне бүкіл әлемде жеке лицензиялау мекемелерін ашуға тырысып жатыр. Сандық телерадио хабарларын таратуға көшу барысында тұрғындардың ақпаратқа қол жеткізу үшін сигналды қабылдайтын тегін құралдармен қамтамас ету керек деген жайттың құқықтық осал жерілеріне назар аударды. Сөзінің соңында саясаткерлерге, хабар таратушыларға және сарапшыларға сандық телерадио хабарларын таратуға көшуде ақпараттық құқық, сөз еркіндігі қорғалу керек деп айтты.

Мейрамдар

  • ҚАЗ. 23
    Жарнама қызметкері күні
  • ҚАЗ. 24
    Халықаралық ақпарат және даму күні
  • ҚАЗ. 27
    Халықаралық дыбыстау-бейнелеу мұралар күні

Әріптестер