«Телерадио хабарларын тарату туралы» Заңын іске асырудың өзекті мәселелері» конференциясы

12.10.2012

2012 жылдың 25 қазанында астана қаласында Қазақстан ҰТТА ұйымдастыруымен ««Телерадио хабарларын тарату туралы» Заңын іске асырудың өзекті мәселелері» конференциясы өтті. Конференцияда Мәдениет және ақпарат Вице-Министрі Арман Қырықбаев, ақпараттандыру және мұрағат Комитетінің Төрағасы болат Кальянбеков, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет және өнер істері Комитетінің кинематография және театр өнері басқармасының басқарушысы К.Сеитова, Әділет Министрлігі Зияткерлік меншік құқығы Комитетінің Төрағасының орын басары Ш.Абдреева, халықаралық және қоғамдық мекемелер қатысты.

Мынандай тақырыптар қозғалды: Телерадио хабарларын таратушы операторларының қызметін лицензиялау, теле,-радио арналарын санаққа алу, шетелдік теле арналарды тіркеу, міндетті теле,-радио бағдарламаларын тізімін құру конкурсы, БАҚ авторлық құқық, фильмдерді жалға алу куәлігін электрондық форматта беру мәселелері. ҰТТА конференциясының негзігі мақсаттарының бірі эфирлік телеарналардың басым бөлігін міндетті пакетке кіргізу болды. Пікіралмасуда Қазақстан ҰТТА өкілдері: Б.Қожахметов, Р.Никонович, Г.Ешимова, А.Ягодинцев, Ю.Сецеховский, А.Мамаев, М.Покрас белсенді қатысты. Р.Никонович міндетті телеарналардың тізімін дайындаудың негізгі мәселелері бойынша сөз сөйлеп, өз презентациясын ұсынды. Ш.Жақсыбаева өз презинтациясында міндетті телеарналар тізімін даярлау тәжірибесімен бөлісті.


Мейрамдар

  • НАУ. 2
    International Children's Day of Broadcasting
  • НАУ. 12
    Халыкаралык балаларға арналған телевидение және радио күні
  • МАМ. 3
    Халықаралық баспасөз бостандығы күні

Әріптестер