Телрадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі Комиссияның қорытынды отырысы

11.11.2014

2014 жылдың 10 қарашасында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінде Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын тарату мақсаттары үшін радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу бойынша конкурсының қорытындысы өтті.

Конкурсқа 25 радиожілік FM-радиоауқымы қойылды.

22 үміткерден конкурсқа қатысу өтінімі түсті («Радио-Текс» ЖШС, «Авторадио Қазақстан» ЖШС, «Алма-Ата 777» ЖШС, «Радио Сити Телерадиокомпаниясы» ЖШС, «Европа плюс Қазақстан» ЖШС, «Информсервис» ЖШС, «Априор Ком» ЖШС, «СҚО әкімдігінің Муниципалды телерадиоарансы» ЖШС, «R-Production» ЖШС, «Юмакс» ЖШС, «Grand FM» ЖШС, «Gakku Media» ЖШС, «Lafa FM Ақтөбе» ЖШС, «Сета» ЖШС, «DATA» ЖШС, «Интер-Көкше» ЖШС, «ТРК «Қызылорда» ЖШС, «Собкор» ЖШС, «Бірінші коммерциялық телекидение» («Первое коммерческое телевидение»)ЖШС, «Информцентр» ЖШС, «Тенуса Оксидент» ЖШС, «Тұран-Түркістан» ЖШС).

Конкурсқа «Радио-Текс» ЖШС, «Авторадио Қазақстан» ЖШС, «Алма-Ата 777» ЖШС, «Информсервис» ЖШС, «Априор Ком» ЖШС, «СҚО әкімдігінің Муниципалды телерадиоарансы» ЖШС, «R-Production» ЖШС, «Юмакс» ЖШС, «Grand FM» ЖШС, «Gakku Media» ЖШС, «Lafa FM Ақтөбе» ЖШС, «Сета» ЖШС, «DATA» ЖШС, «ТРК «Қызылорда» ЖШС, «Собкор» ЖШС, «Бірінші коммерциялық телекидение» («Первое коммерческое телевидение») ЖШС, «Информцентр» ЖШС компанияларынан түскен өтінімдер қатысты.

«Радио Сити Телерадиокомпаниясы» ЖШС, «Европа плюс Қазақстан» ЖШС, «Интер-Көкше» ЖШС, «Тенуса Оксидент» ЖШС, «Тұран-Түркістан» ЖШС компанияларының үміткерлерінен келіп түскен өтінімдер конкурстық талаптарға сай келмегендіктен қабылданбады.

«Информсервис» ЖШС, «СҚО әкімдігінің Муниципалды телерадиоарнасы» ЖШС, «DATA» ЖШС, «ТРК «Кызылорда» ЖШС, «Собкор» ЖШС, «Бірінші коммерциялық телевидение» ЖШС үміткерлердің мекеме өкілдері конкурсқа келмеді.

«Алма-Ата 777» ЖШС 18 радиожиілікті ұтып конкурстың жеңімпазы атанды, ал қалған 7 радиожиілікті «Авторадио Қазақстан» ЖШС алды.

Мейрамдар

  • МАУ. 28
    Қазақстан журналистер күні
  • ШІЛ. 2
    Халықаралық спорт журналистері күні
  • ҚЫР. 8
    Халықаралық журналистер ынтымақтастығы күнi

Әріптестер