Аймақтық телеарналар эфирi 150-ге жуық отандық өнiммен толығады

06.10.2017

Бүгiн ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрi Дәурен Абаев Аймақтық БАҚ форумын ашты. Абаев өңiрлiк телеарналарға 150-ге жуық отандық өнiмдi трансляциялау құқығы берiлетiнiн айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Мемлекеттiк тапсырыс аясында дайындалған өнiмдердi аймақтық телеарналарда трансляциялау құқығын беру мәселесi шешiлдi. Бiз мемлекеттiк арналармен бiрiгiп, 1997-2015 жылдары дайындалған 146 өнiмнен тұратын тiзiм әзiрледiк. Бұл 39 телехикая, 59 көркем фильм, 42 телебағдарлама 5 көркем және 1 музыкалық фильм. Алдағы уақытта министрлiк мемлекеттiк арналар мен аймақтық БАҚ альянсымен ынтымақтастық туралы төртжақты келiсiм бекiтедi. Бұл құжат негiзiнде альянс өңiрлiк телеарналардың өтiнiштерiн талдап, уақытша көрсету құқығын беру процесiн реттейдi. Осылайша, өңiрдегiлер өтiнiштердi толтырып, қажеттi өнiмдердi ала алады», - дедi министр.

Сондай-ақ, Абаев аймақтағы журналистердi Қазмедиа базасында жұмыс iстейтiн медиамектептiң семинарларына белсендiрек қатысуға шақырды.

Атап өтсек, бүгiн министр өңiрлiк масс-медианың сапасын арттыруға бағытталған кез келген бастама қолдауға ие болатынын айтқан болатын.

Мейрамдар

  • ЖЕЛТ. 15
    Кәсіби міндетін атқару кезінде құрбан болған журналистерді еске алу күні
  • АҚП. 13
    Халықаралық радио күні
  • НАУ. 2
    International Children's Day of Broadcasting

Әріптестер