Дәурен Абаев: Қазақстан цифрлық хабар таратуға екі жыл ішінде толығымен көшеді

18.04.2018

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Теле радио хабарларын тарату туралы» заңға сәйкес мемлекет жарты жыл көлемінде эфирлік цифрлық теле радио хабар таратуға ауысудың уақытын белгілеуі қажет», деп видео мәлімдеме жасады

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі эфирлік цифрлық теле радио хабар таратуға ауыстыру жұмыстарын жүргізіп жатқанын жеткізген министр ең алдымен цифрлық телевидениеге анықтама берді. «Цифрлық телевидениеге – видеобелгі мен дыбыс таратудың жоғары сапасы. Сондай-ақ, визуалды кедергілерді жойып, эфирде тұнық дауысты қамтамасыз ету. Осылайша отандық телеарналарды ақысыз, цифрлық сапада тамашалау мүмкіндігі», деді Д.Абаев. Министрдің айтуынша, цифрлық телевидение жүйесіне көшу арқылы ірі қалалар мен облыс орталықтарын былай қойғанда, шалғай елдімекен тұрғындарының өзі 15 отандық телеарнаға дейін тамашалай алады. «Астана мен Алматы қалаларында және облыс орталықтарында 30 арнаға дейін көруге болады. Кезінде еліміздің ең шалғай елдімекендері мен тұрғындар аз қоныстанған ауылдарда 2-3 арна ғана көруге мүмкіндік бар еді. Енді 15 отандық телеарнаны жоғары сапада тамашалайтын болады. Цифрлық хабар таратуды енгізу – қала мен ауыл арасындағы ақпараттық алшақтықты төмендетеді. Аналогты хабар тарату кезең-кезеңмен тоқтатылады», деген Д.Абаев тура алты айдан соң Маңғыстау облысы толық цифрлы хабар таратуға көшетінін, ал екі жыл ішінде өзге аймақтар да цифрлы хабар таратумен қамтамасыз етілетінін жеткізді.

Дереккөз: https://egemen.kz/article/dauren-abaev-qazaqstan-tsifrlyq-khabar-taratugha-eki-zhyl-ishinde-tolyghymen-koeshedi

Мейрамдар

  • МАУ. 28
    Қазақстан журналистер күні
  • ШІЛ. 2
    Халықаралық спорт журналистері күні
  • ҚЫР. 8
    Халықаралық журналистер ынтымақтастығы күнi

Әріптестер