Discovery арналар топтамасы алғаш рет қазақ тілінде

27.02.2017

Бірінші наурыздан Қазақстанда Discovery Showcase HD телеарнасы хабар таратуын бастайды

Ағымдағы жылдың бірінші наурызынан ақылы ТВ хабар таратуы бойынша әлемдегі №1 Discovery Communications компаниясыныңбөлімшесі Discovery Networks CEEMEA, серіктесі - хабар тарату саласындағы Қазақстан Республикасының ұлттық операторы "Қазтелерадио" Акционерлік Қоғамымен бірлесе отырыпҚазақстанда жаңа — Discovery Showcase HD арнасын іске қосады. Ол Discovery брендтері портфолиосынан ең жарқын және ең танымал шоуларын біріктіреді – Discovery Channel, Animal Planet, TLC, Discovery Science және ID Xtra, бұл ретте танымдық-ойын-сауықтық контент HD сапада қолжетімді болмақ.Сонымен қатар, көрермендерге эксклюзивті материалдар көрсетілетін болады, әрине тек Discovery Showcase HD арнасы арқылы.

Discovery Networksжергілікті құрамға көңіл бөледі және көрермендерге жақындай түсуге тырысады. Осы саясатты жалғастыра отырып Discovery Showcase HD шетелдік арналардың алғашқысы болып Қазақстан Республикасы аудиториясына сүйікті шоу бағдарламаларын HD сапада мемлекеттік тілде көруді ұсынады. Бірінші кезеңде көрерменге телебағдарламалар қазақ тілінде прайм-тайм уақытында ұсынылады (18:00-ден түн ортасына дейін). Жыл бойы қазақ тіліндегі бағдарламаларының үлесі ұлғаятын болады және 2018 жылғы қаңтардан бастап барлық мазмұны толығымен қазақшаланады. Сонымен бірге, көрермен өзінің қабылдағышының параметрлерінен арнаны орыс тілінде көруді таңдай алады. Бірінші болып қазақ тіліне «Сквозь кротовую нору с Морганом Фрименом», «Оглушающий океан», «Аляска: семья из леса», «Китовые войны» сынды бағдарламалары және Discovery Networks-тың басқа да маңызды жобалары аударылады.

АрнаОTAU TV жерсеріктік хабар тарату желісінде қол жетімді, ал кейінірек басқа да операторлар желісінде хабар таратады. Discovery Showcase HD дистрибюторы ретінде Қазтелерадио әрекет етеді.

"Қазақстан – Discovery Networks үшін адал және өте маңызды аудиториясы мен үлкен әлеуеті бар аймақ. Біз көрермендерге ең жарқын, танымал және қызықты бағдарламаларды біріктіретін жоғары айқындық форматындағы Discovery-дің жаңа телеарнасын ұсынғанымызға өте қуаныштымыз. Шабыттандыратын және тарихи эмоциялық TLC, қызықты жаңалықтар Discovery Channel, қызықты және құпия сюжеттер ID Xtra, керемет ғылыми зерттеулер Discovery Science, жануарлардың күлкілі және таңғажайып сәттері Animal Planet — Discovery Showcase HD арнасынан әркім өз талғамына сай бағдарламаны және ең бастысы ана тілінде таба алады", – дейді Анна Пак, Discovery Networks компаниясының Солтүстік-Шығыс Еуропадағы вице-президенті, басқарушы директоры.

"Біз абоненттерімізге қазақстандық нарық үшін бірегей жобаны ұсынғанымызға қуаныштымыз. Енді OTAU TV абоненттері бүкіл әлем телекөрермендерінің жүректерін жаулаған анағұрлым рейтингі жоғары бағдарламаларды қазақ тілінде көре алады. Бұл жобаның айтарлықтай ерекшелігі ұлттық жерсеріктік OTAU TV телевизиясы желісіжаңа телеарнаны көрермендерге бірінші болып ұсынып, біздің миллионнан астам абоненттер эксклюзивті контентке абоненттік төлемнің артуынсыз қол жеткізе алады. Естеріңізге сала кетейік, OTAU TV жерсеріктік телевизиясы желісінде шамамен 120 теле,- радио арналар ұсынылған, ай сайынғы жазылу құны 2500 теңгені құрайды", - деп атап өтті Евгений Галкин, "Қазтелерадио"АҚ коммерциялық директоры.

Discovery Communications (Nasdaq: DISCA, DISCB, DISCK) көрермендерге шынайы өмірдегі оқиғаларға негізделген танымдық және ойын-сауық контентімен, сондай-ақ спорттық іс-шаралар ұсынатын ең жақсы телеарналардыңпортфолиосын ұсынады. Discovery Communications эфирлік және ақылы негізде хабар таратуы жалпы саны көрермендер 3 млрд. астам адамды құрайтын әлемнің 220-дан астам елдерін қамтиды. Discoveryпортфолиосына әлемге танымал Discovery Channel, TLC, Animal Planet, Discovery Science және басқа да арналары кіреді, сондай-ақ, Oprah Winfrey Network АҚШ-та, Discovery Kids Латын Америкасында және Еуропадағы спорттық контентті жеткізуде көшбасшы Eurosport арнасы. Discovery инновациялық цифрлық өнімдер мен Discovery VR, Seeker және SourceFed Studios сервистерін, сондай-ақ ОТТ TV Everywhere технологияларын пайдалана отырып аудиториямен өзара қарым-қатынас жасайды. Discovery контенті Eurosport Player, Dplay, Discovery K!ds Play Discovery GO қосымшалары мен сервистерінде қолжетімді. Орталық және Шығыс Еуропадағы, Таяу Шығыстағы және Африканы қамтитын Discovery-дың 20 арнасы 552 млн көрерменді қамтиды, ал 109 ел мен өңірлерде 21 тілде хабар таратады.«Қазтелерадио» Акционерлік Қоғамы - халықты эфирлік және жерсеріктік желілер арқылы телевизия және радиохабар тарылымын таратумен қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының телерадиохабар тарату саласындағы Ұлттық операторы.

Дереккөз: http://kazteleradio.kz/zakupki/z/416


Мейрамдар

  • ҚАЗ. 23
    Жарнама қызметкері күні
  • ҚАЗ. 24
    Халықаралық ақпарат және даму күні
  • ҚАЗ. 27
    Халықаралық дыбыстау-бейнелеу мұралар күні

Әріптестер