ҚР ақпарат және коммуникациялар вице-министрі тағайындалды

26.03.2018

ҚР Үкіметінің қаулысымен Дарын Шылбыұлы Тұяқов ақпарат және коммуникациялар вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дарын Тұяқов 1969 жылы Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген.

1990 жылы Ю. В. Андропов атындағы Ленинград жоғары әскери-саяси ӘҚҚ училищесін, 1997 жылы — Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды, 2007 жылы — Халықаралық бизнес академиясын, 2014 жылы — РФ Президенті жанындағы РХШМҚА тәмамдаған. Мамандығы бойынша —заңгер-құқықтанушы.

Еңбек жолын 1990 жылы ӘҚҚ радиотехникалық күштерінің жеке радиолокациялық ротасы командирінің орынбасары болып бастаған.

Қорғаныс министрлігінде, Әділет министрлігінде, Алматыда коммерциялық құрылымдарда, «Қазақтелеком» АҚ-да жұмыс істеген.

Тағайындалғанға дейін «Қазақтелеком» АҚ бас директоры — аппарат басшысы лауазымын атқарған.

«Астананың 10 жылдығы», «ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен марапатталған. Саланы дамытуға қосқан жеке үлесі үшін «Үздік Байланысшы» құрметті атағын иеленген.

Дереккөз: http://www.zakon.kz/4910266-daryn-t-ya-ov-r-a-parat-zh-ne.html


Мейрамдар

  • ЖЕЛТ. 15
    Кәсіби міндетін атқару кезінде құрбан болған журналистерді еске алу күні
  • АҚП. 13
    Халықаралық радио күні
  • НАУ. 2
    International Children's Day of Broadcasting

Әріптестер