Мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабарлама

25.09.2017

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты мерзімді баспа басылымдары мен интернет-ресурстарда орналастыруды өткізетіні туралы хабарлайды.

Конвертке салынып, мөрмен бекітілген (бар болған жағдайда), конвертте «Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша конкурсқа» деген белгісімен және конвертте қоса берілетін құжаттардың тізбесімен құжаттамалардың қабылдануы 2017 жылғы «4» қазанға дейін Астана қ., Мәңгілік Ел к., 8, Министрліктер үйі, 14-кіреберіс мекенжайы бойынша жүргізіледі.

Өтінімдері бар конверттердің ашылуы Астана қ., Д. Қонаев к., 4, Қазмедиа орталығы мекенжайы бойынша мерзімді баспа басылымдары үшін 2017 жылғы «23» қазанда және интернет-ресурстар үшін 2017 жылғы «24» қазанда өтеді.

Тапсырысқа қатысу үшін өтінімді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 75 бұйрығымен бекітілген Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тапсырыстың шарттарына сәйкес уақтылы беру қажет.

Сонымен бірге, Қағидалардың 2-қосымшасында көрсетілген мерзімді баспа басылымдарының және интернет-ресурстардың арасында балдық бағалауға сәйкес сипаттамаларды қамтитын құжаттарды ұсыну қажет.

Мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидалары.56.27 KB

Мерзімді баспа басылымдары және интернет-ресурстарға 2017 жылға мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттары ТІЗІМІ21.08 KB

Дереккөз: http://mic.gov.kz/kk/pages/memlekettik-akparattyk-tapsyrysty-ornalastyru-turaly-akparattyk-habarlama

Мейрамдар

  • ҚАЗ. 23
    Жарнама қызметкері күні
  • ҚАЗ. 24
    Халықаралық ақпарат және даму күні
  • ҚАЗ. 27
    Халықаралық дыбыстау-бейнелеу мұралар күні

Әріптестер