Мiндеттi теле, -радиоарналардың тізімін қалыптастыру бойынша ақпараттық хабарлама

26.03.2018

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі 2018 жылғы 13 наурыз және 19 наурызда мiндеттi теле, -радиоарналардың тізімінде бір бос орынды толтыру мәселесі қарастырылған телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселесі бойынша комиссия отырыстары өтті.

Конкурсқа бес үміткер өтініш білдірді: «SHAHAR» Телерадиокомпаниясы» ЖШС («Hit TV» телеарнасы), «Байлық Инновация» ЖШС («Жана FM» радиоарнасы), «Компания ТV-арт» ЖШС («Жаңа ТВ» телеарнасы), «Асыл Арна» Студиясы ЖШС («Асыл Арна» телеарнасы), «Хабар агенттігі» АҚ («Ел Арна» телеарнасы). 2018 жылғы 13 наурыздағы комиссия отырысының қорытындысы бойынша барлық үміткерлер комиссияның соңғы отырысына жіберілді.

2018 жылғы 19 наурыздағы комиссияның қорытынды отырысында ашық дауыс беру арқылы үміткерлер келесі дауыстарға ие болды:

«SHAHAR» Телерадиокомпаниясы» ЖШС («Hit TV» телеарнасы) -

1 дауыс

«Байлық Инновация» ЖШС («Жана FM»радиосы)-0 дауыс

«Компания TV-apт» ЖШС («Жаңа ТВ» телеарнасы)-0 дауыс

«Асыл Арна» Студиясы ЖШС («Асыл арна» телеарнасы)-1 дауыс

«Хабар агенттігі» АҚ («Ел Арна» телеарнасы)-8 дауыс.

Комиссия көпшілік дауысымен «Ел Арна» телеарнасын міндетті теле, -радиоарналардың тізіміне енгізудi ұсынды.

Дереккөз: http://mic.gov.kz/kk/pages/mindetti-tele-radioarnalardyn-tizimin-kalyptastyru-boyynsha-akparattyk-habarlama


Мейрамдар

  • ҚАЗ. 23
    Жарнама қызметкері күні
  • ҚАЗ. 24
    Халықаралық ақпарат және даму күні
  • ҚАЗ. 27
    Халықаралық дыбыстау-бейнелеу мұралар күні

Әріптестер