Өңірлердің жұртшылығы ҚР АКМ заң жобасын талқылады

20.01.2017

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша бейнеконференцбайланыс режимінде қоғамдық талқылау өтті.

Жария талқылауға сарапшылар, қоғамдық бірлестік, барлық облыстардың, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларының бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Іс-шараны ашқан Вице-министр Алан Әжібаев, заң жобасы әзірленгеннен бастап барлық мүдделі тараптарды жұмылдыра отырып ашық түрде талқыланып жатқанына назар аударды. Бүгінде жұмыс тобының бірнеше отырысы өтті, мүшелері 200-дей ұсыныс енгізді. Бұл өзгерістер мұқият әрі жан жақты зерттелді.

Өз кезегінде, талқылауға қатысушылар ақпарат, ақпараттандыру және байланыс саласындағы заңнамалық базаны жетілдіру маңыздылығын атай отырып, министрлік ұсынып отырған нормаға қатысты өз пікірлерін ортаға салды.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасы Заң шығару жұмысының 2016-2021 жылдарға арналған тұжырымдамалық жоспары және Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2017 жылға арналған жоспары шеңберінде әзірленген.

200 түзетуді қамтитын заң жобасын қабылдау мақсаты қолданыстағы нормаларды нақтылау және жаңалық енгізу арқылы бұқаралық коммуникация технологияларының дамуымен өзгеріске түсетін БАҚ, телерадио хабарларын тарату, ақпараттандыру және байланыс саласындағы қоғамдық қатынастарды құқықтық регламенттеу болып табылады.

Дерек көз: http://mic.gov.kz/kk/news/onirlerdin-zhurtshylygy-kr-akm-zan-zhobasyn-talkylady


Мейрамдар

  • АҚП. 13
    Халықаралық радио күні
  • НАУ. 2
    International Children's Day of Broadcasting
  • НАУ. 12
    Халыкаралык балаларға арналған телевидение және радио күні

Әріптестер