Өңiрлiк масс-медианың сапасын арттырамыз – Дәурен Абаев

06.10.2017

Бүгiн ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрi Дәурен Абаев Аймақтық БАҚ форумын ашты. Абаев өңiрлiк масс-медианың сапасын арттыруға бағытталған кез келген бастама қолдауға ие болатынын жеткiздi, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Жалпы мемлекеттiк мүдденi халыққа жеткiзiп, қоғамдағы өзгерiстерге сай көзқарас қалыптастыруда аймақтық медианың атқарар рөлi маңызды. Осы орайда, өңiрлiк ақпарат құралдарының алдында үлкен мақсат, мiндеттер тұр. Өткен жылы алғашқы форумда аймақтық ақпарат құралдары тарапынан бiрқатар мәселе көтерiлген болатын. Сол уақыттан берi Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi ұсыныстарды зерделеп, аймақтық медиа сапасын арттыру бойынша бiрқатар шараны iске асырды. Атап айтқанда, аймақтық БАҚ қауымдастығы құрылды. Мемлекеттiк тапсырыс аясында дайындалған өнiмдердi аймақтық телеарналарға беру мәселесi шешiмiн тапты. Баспасөздi таратудың механизмiн дамыту бойынша Қазпоштамен бiрлесе отырып, бiрқатар шара атқарылып жатыр», - дедi Абаев.

Сондай-ақ, министр өңiрлiк журналистердiң бiлiктiлiгiн арттыруға жағдай жасалатынын жеткiздi.

«Министрлiк өңiрлiк масс-медианың сапасын арттыратын кез келген бастаманы қолдауға әзiр», - дедi Дәурен Абаев.

Сөз соңында ведомство басшысы отандық масс-медианы заңнамалық тұрғыдан қолдау мәселесiнiң қарастырылып, Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi дайындаған заң жобасы Мәжiлiсте талқыланып жатқанын айтты.

Айта кетейік, бүгiн АSTANA MEDIA WEEK медиа апталығының үшiншi күнi. Бірінші күн «Контент-маркет» деп аталды. Онда ұлттық телеарналардан бастап, шағын жекеменшік телеарналарға дейін арнайы ұйымдастырылатын көрмеге қатысып, продакшн компаниялар мен телеарналардың арасында тікелей сұхбат алаңы ұйымдастырылды. Отандық телеарналардың мэтрлері телеөндіріс, кино өндірісі, шоу-бизнес, радио журналистикасы сынды салаларға қатысты шеберлік сабақтарын өткізіп, тәжірибелерімен бөлістi. Мұнан бөлек MediaTalks алаңы ұйымдастырылды.

Шараның екінші күнінде «Astana Digital Forum» форумы өттi. Онда электронды интернет-басылымдардың жай-күйi талқыға түсіп, қазіргі күннің өзекті тенденциялары: электронды сауда, криптовалютаға көшу сынды өзекті мәселелер көтерілді.

Ал бүгiн, үшінші күні «Аймақтық БАҚ» форумы өтіп жатыр. Онда баспа БАҚ-тың жай-күйі, өзекті мәселелері, оларды сақтап қалу, аймақтық деңгейдегі мәселелерді көтеру, БАҚ саласындағы заңнамалар, өзгерістер, журналистика әдебі сынды мәселелер қозғалуда. Сонымен қатар осы іс-шараның аясында Қазақстан баспасөз клубының бастамасымен «PR күні» ұйымдастырылмақ.

Қымбат ЕЛТАЙҚЫЗЫ

Дереккөз: https://baq.kz/kk/news/kogam/onirlik_massmedianin_sapasin_arttiramiz__dauren_abaev20171006_112000


Мейрамдар

  • МАУ. 28
    Қазақстан журналистер күні
  • ШІЛ. 2
    Халықаралық спорт журналистері күні
  • ҚЫР. 8
    Халықаралық журналистер ынтымақтастығы күнi

Әріптестер