Құқықтық қолдау

Қазақстан ҰТТА осы жоба аясында мынадай жұмыстар атқарады:

- Заңгерлік кеңес - пайда болған нақты жағдайға байланысты БАҚ өкілдерінің жазбаша және ауызша жүгінуі бойынша жүргізіледі.

- Аймақтардағы заңгерлік семинарлар мен тренингтер. Семинарлар мен тренингтерде заңдық күші бар ережелерді тәжірибеде қолдану, БАҚ өкілдерінің құқықтық сауатын көтеру және БАҚ басшыларымен журналисттердің тәжірибесіндегі жағдалайрды қарастыруға ерекше көңіл бөлінеді.

Қазақстан ҰТТА семинарлары мен тренингтерінің тақырыптары ұсынылады :. «БАҚ заңнамасы», «Журналисттің құқығы мен міндеттері», «Телевизиялық журналистика - бейнелеу құқығы», «Ақпаратқа рұқсат», «БАҚ-ындағы авторлық құқығы» және басқа Егер БАҚ жоғарыда көрсетілген іс-шараларға қызығушылығын танытса, Қазақстан ҰТТА-на өтініш беруіне болады.

БАҚ өзіне қызықты тақырыпқа байланысты (өзінің қарауы бойынша), Қазақстан ҰТТА-на семинар немесе тренинг өткізу өтінішімен хабарласа алады.

- Заңгерлік сараптама. Сараптама мақсаты - кейбір жағдайларға байланысты бұқаралық ақпарат құралының құқықтың ұстанымын анықтау, өзінің құқығы және / немесе міндетін көлемін және мазмұнын айқындау болып табылады. Бұл заңгерлік сараптама өткізіліп жатқан мекеменің жұмысқа қатысы бар барлық материалдармен толық танысқан жағдайда мүмкін.

- . Заңгерлік резиденциялар . Заңгерлік резиденция заңгердің тікелей БАҚ-ын заң тарапынан тексеріп, басшылар мен жұмыскерлерге қысқаша заңгерлік семинар өткізуді ұсынады . Заңгерлік резиденция аясында бұқаралық ақпарат құралының қызметіне заң тұрғысынан баға беріледі, БАҚ-ның құжаттары Қазақстан Республикасының күшіне енген заңнамаларына сай екендігі тексеріледі Заңгерлік резиденция -БАҚ қызметінде заңдық қателіктерді болдырмаудың ең тиімді әдісі.

- Резиденцияның мақсаты - мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарымен байқалуы мүмкін кемшіліктерді БАҚ өзі анықтауына мүмкіндік береді.

БАҚ ұсынған құжаттар тексеріледі, ол БАҚ жұмыскерлерді жұмысқа қабылдау бұйрықтарынан бастап, өрттен сақтану ережелерінің болуы және БАҚ-на рұқсат беретін мемлекеттік мекемелерден алынған құжаттарға дейін болуы мүмкін. Көмек көрсетілген БАҚ-ның қызметінде анықталған кемшіліктер туралы ақпарат жасырын, құпия түрде сақталады. Бұқаралық ақпарат құралында сапалы резиденция өткізу үшін заңгердің сұрауы бойынша өзге қүжаттарды алу БАҚ басшыларының рұқсатымен жүргізіледі.


Қазақстан ҰТТА атқарушы дирекциясы Сіздердің ұсыныстарыңызды күтеді.

Өтініштер мен ұсыныстар бойынша мына мекен-жайға хабарласыңыздар:

телефон: +7 (727) 250 88 86, +7 (727) 250 84 42

Адрес электронной почты: natkaz@nat.kz ; sergey@natkaz.kz

Мейрамдар

  • МАУ. 28
    Қазақстан журналистер күні
  • ШІЛ. 2
    Халықаралық спорт журналистері күні
  • ҚЫР. 8
    Халықаралық журналистер ынтымақтастығы күнi

Әріптестер