ҰТТА құрамына кіру

ҰТТА-ға мүшелік

Занды тұлғалар Ассоциация мүшелері бола алады: Ассоциация Жарғысын мойындайтын және жылдық мүшелік жарна төлейтін, белгіленген Заң тәртібімен Қазақстан Республикасы аймағында тіркелген телехабар таратушы, радиохабар таратушы және телерадио компаниялар, кәбілдік телевидение операторлары, Ғаламторда ақпараттық және жарнама қызметтерін көрсететін ұжымдар, сондай-ақ шетелдік теле- және радио компаниялар, хабар таратушы индустрия үшін өнім дайындаушы және қызмет етуші қазақстандық және шетелдік ұжымдар, баспа мекемелері.

Ассоциацияға мүшелікке қабыддау Қазақстан Ұлттық Телерадиохабар Таратушылар Ассоциация Жарғысының және Мүшелік Ережесінің негізінде Басқарма мүшелерінің тікелей немесе электронды дауыс беруі арқылы жүзеге асады. Жаңа мүшені қабылдау үшін дауыс беруде бірауыздық болмаса, Қауымдастықтың жақын арада болатын жиналысында шешім дауыс беру арқылы бекітілуі керек.

Қазақстан ҰТТА мүшелігінің құқығы мен міндеттері

Ассоциация мүшелерінің мынандай құқықтары бар:

  • Жарғыға сәйкес Ассоциацияны басқаруына қатысу;
  • Басқарманың, Тексеру комиссиясының құрамына ену;
  • Таңдаулы қызметтерге сайлау және сайлану;
  • Басқарма рұқсатымен Ассоциация символдарын, белгілерін пайдалану;
  • Ассоциацияның басқарушы органдарына Ассоциацияның қызметі жөніндегі сұрақтарды қарастыруды ұсыну;
  • Ассоциация қызметі туралы керекті ақпарат алу;
  • Ассоциацияның шаруашылық іс-шараларына қатысу;
  • Басқарманы 30 күн бұрын жазбаша ескертіп, барлық қарызды өтеп Ассоциациядан емін-еркін шыға алады;
  • Ассоциация мүшелері оның қызметін ақысыз қолданады;

Ассоциация мүшелерінің міндеттері:

  • Қазақстан ҰТТА Жарғысының тәртібін сактау;
  • Ассоциация мүшелерінің келісімімен Ассоциацияның Басқарма органдарының шешімдерін орындау;
  • Бастапкы және тұрақты мүшелік жарналарды төлеу;
  • Ассоциация алдында тұрған міндеттерін шешіуге өзінің техникалық, интеллектуалдық және қаржы ресурстарын қатыстыру арқылы белсенді қатысу;
  • Ассоциацияның занды мүддесіне нұқсан келтіретін әрекеттерден тартыну;

Қазақстан ҰТТА мүшелік ету қандай мүмкіндіктер береді:

  • деңгейлес байланыс жүйесінде қарым-қатынас және жарғылық қызметті іске асыруда Ассоциация мүшелерінің өзара қолдау мүмкіндігі;
  • мемлекеттік билік және басқару органдарында өздерінің сұрақтарын қарастырғанда Ассоциация тарапынан қолдау алу;
  • құқықтық, қаржылық, техникалық және телерадиохабар тарату туралы басқада сұрақтар бойынша қеңестер мен ақпараттық қызмет алу;
  • ҰТТА іс-шараларына, бағдарламаларына және жобаларына қатысу кезінде жеңілдік алу;
  • салалық және тақараптық көрмелерге қатысу мүмкіндігі, конференцияларға, семинарларға, фестивальдарға, байқауларға, басқа да іс-шаралаға қатысу, Қазақстанда және шетелдерде тәжірибе алмасу және іскерлік байланыс орнату жөніндегі ақпарат;
  • техникалық, шығармашылық және қызметкерлерді басқаруда біліктілігін арттыруға жәрдемдесу;
  • Ассоциацияның дерекқорын пайдалану мүмкіндігі;
  • Қазақстан ҰТТА сайтында өз мекемеңіздің жарнамасын орналастыру;

Қазақстан ҰТТА мүшелігінен шығару

Ассоциация мүшелігінен Жалпы жиналыс шешімі бойынша төмендегі жағдайларда шығарылады:

  • Себепсіз мүшелік жарна төлем қарызы болса;
  • Ассоциация Жарғысының тәртібі сақталмаса;

Ассоциация құрамынан шығару жөнінде сұрақтар қарастырылып жатқан мүше дауыс беруге қатыспайды.

ҚАЗАҚСТАН ҰТТА ҚҰРАМЫНА КІРУ

Теледидар бөлімі

Белгіленген тәртіп бойынша Қазақстан территориясында тіркелген, хабар таратуға мемлекеттік лицензиясы бар, кәсіби құқұықтық және этикалық нормаларды сақтайтын, ҰТТА Жарғысын мойындайтын және уақытында жылдық мүшелік жарна төлейтін телевизиялық компаниялар Қазақстан Ұлттық Телерадиохабар Таратушылар Ассоциациясының теледидар бөлімінің нақты мүшесі бола алады.

Радио бөлімі

Белгіленген тәртіп бойынша Қазақстан территориясында тіркелген, хабар таратуға мемлекеттік лицензиясы бар, кәсіби құқұықтық және этикалық нормаларды сақтайтын, ҰТТА Жарғысын мойындайтын және уақытында жылдық мүшелік жарна төлейтін радиокомпаниялар Қазақстан Ұлттық Телерадиохабар Таратушылар Ассоциациясының радио бөлімінің нақты мүшесі бола алады.

Кәбілдік теледидар оператор бөлімі

Белгіленген тәртіп бойынша Қазақстан территориясында тіркелген, хабар таратуға мемлекеттік лицензиясы бар, кәсіби құқұықтық және этикалық нормаларды сақтайтын, ҰТТА Жарғысын мойындайтын және уақытында жылдық мүшелік жарна төлейтін кәбільдік теледидар опрераторлары Қазақстан Ұлттық Телерадиохабар Таратушылар Ассоциациясының нақты мүшесі бола алады.

Қазақстан ҰТТА құрамына кіру үшін толтырылатын өтініш

Барлық компанияларға міндетті түрде Қазақстан Ұлттық Телерадиохабар Таратушылар Ассоциациясының мүшесі екенін дәлелдейтін Куәлік беріледі.

Қазақстан ҰТТА жаңа мүшелерге әрдайым ашық!

МҮШЕЛІК ЖАРНА

Ассоциация Жарғысына сәйкес мүшелік жарна әр компанияға бекітілген. Мүшелік жарна мөлшері компанияның аумақтық орналасуына және жергілікті қамтуына байланысты.

Мейрамдар

  • ЖЕЛТ. 15
    Кәсіби міндетін атқару кезінде құрбан болған журналистерді еске алу күні
  • АҚП. 13
    Халықаралық радио күні
  • НАУ. 2
    International Children's Day of Broadcasting

Әріптестер