Эфирдегі темір перде

Әңгімеміздің ең басында менің сұхбаттасушым - Қазақстан Ұлттық Телерадиохабар Таратушылар Ассоциациясының атқарушы директоры Шолпан Жақсыбаева - көпшілік естігісі келетін дүниені емес, өзінің пікірін ғана айтатыны туралы ескертті. Мен оны жақсы білге тұра, бізге біркелкі ақпарат керек болған жағдайда, басқа адамдардың көмегіне жүгінетінімді айтып, оның көзін жеткіздім. Себебі, бүгінде ақпараттық кеңістікте не болып жатқаны жайлы тек парасатты көзқарас керек.

Эфир кәбілге қарсы

- Шолпан, бүгінгі таңда эфирлік телевидение туралы көп айтылады, көп жазылады, ал кәбілдік телевидение туралы аз көтеріледі, қанша дегенмен, кәбілдік телевидение өте танымал ғой, әсіресе қаладарда. Менің білуімше, эфир және кәбіл арқылы хабар таратушылар "Телерадио хабарларын тарату туралы" Заңының өңделу кезінде көп дауласқан еді...

-Заңның өңделу кезінде эфирде телеарналар мен кәбіл операторларының (кәбіл арқылы хабар таратушылар) арасында қарсыластықтар болды. Бұл дау өмір бойғы – ең бастысы кім: контентті жасаушы ма жоқ әлде, қолданушыға жеткізуші ма. Әрине, контент даярлау үшін көптеген қаражат жұмсайтын эфирде хабар таратушылар сол контентті көрермен көру үшін, ірі кәбіл операторларына қомақты қаражат беру керектігі ашуландырды. Әр бірден соң олардың жасағандары - отандық өнім. Ал кәбіл операторларында шетелдік телеарналардың жиынтығы басым.

- Заңды өңдеушілер кімнің жағын қолдады?

- Кәбілді теледидар саласы реттелуді қажет етеді деген сөздер бұрыннан айтылып келеді. 2009 жылы Ұлттық Телерадиохабар Таратушылар Ассоциациясы осы саланың негізгі мәселесін анықтау үшін, мемлекеттік тапсырыс бойынша Қазақстанның алты қаласында дөңгелек үстелдер өткізді. Бұның нәтежесі, Астана қаласында өткен жиынмен біздің Ассоциацияның ұсыныстары болды. Сол ұсыныстардың ең бастысы кәбілдік операторларға отандық телеарналарды міндетті түрде қосу. Және заңның осы тармағын талқылауда, біз "Иа" деп дауыс бердік. Қарсыластық тудырғандар өзіміздің ішімізде де болды, себебі біздің Ассоциацияның құрамында кәбілді операторлар да кіреді. Бұл жағдайда біз тек ірі эфирлік арналардың (Ассациация мүшелері де) мүддесін қорғау үшін ғана емес, сонымен қатар азаматтардың әр-түрлі жаңалықтарға, сондай-ақ отандық ақпараттарды көруге мүмкіншілік тудыру болды.

Өткен жылдың 25 қазанында Астана қаласында мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Қырықбаевтың қатысуымен конференция өтті, ол жерде өте пайдалы әңгімелер айтылды. Біздің Ассоциация жалпы әлемдегі іс-тәжірибеде бар, отандық телеарналарды кәбілдік оператордың пакеттеріне must-carry («міндетті түрде жеткізу» - міндетті түрде трансляцияланатын телеарналарды батыста осылай айтады) заңы бойынша қосуға көңіл аударды. Біздің қарсыластарымызды must-carry-дің қатарына тек мемлекеттік арналарды ғана қосу дұрыс емес, ол тізбеде жеке оператордарда болу керек деп көндірумен болдық. Конференцияның басында вице-министр міндетті пакетке небәрі 6-7 телеарна кіреді деп хабарлады. Бір аптадан соң, телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия отырысында осы тізіміге кіретін 14 телеарна анықталды. Мемлекеттік арналардан бөлек ("Қазақстан", "Мәдениет", "Балапан", "Хабар", "Ел арна", "Kazakh TV", "Бі­лім", "24 KZ") жеке жалпы ұлттық - "Астана", "КТК", "НТК", "7 канал", "31 канал", "СТВ" арналары бекітілді.

Бұл жаңалық ірі кәбілдік операторларын қуантпады. Себебі, енді олар телеарналарды тегін трансляциялау керек болды, бұған дейін олар ай сайын миллиондаған қаражат алып отырды емес па. Ал кішігірім кәбілдік оператордары үшін бұл кішкене болса да жеңілдік болды, себебі, бұған дейін керсінше олар мемлекеттік және коммерциялық телеарналарға айына 10000-20000 тенге төлеп отырған. Заң осындай шиеленістерді бәріне ортақ қорытынды шешімге әкелді.

-Ал, «31 арнаны» трансляциялауға қарсы болған кәбілдік операторлары бойынша жағдай қалай шешілді?

-Заң кәбілдік операторларына 2013 жылдың 2 наурызынан бастап міндетті арналарды трансляциялауға бұйырады. ҚР үкіметінің қаулысында ұйғарылғандай КТВ операторларының басым бөлігі, оның ішінде үлкедері де, оларды толықтай трансляциалайды. Осының арқасында әйтеуір олардың желілерінде тек мемелекеттік арналар ғана емес, сонымен қатар қазақстандық коммерциялық арналарда кірді. Өкінішке орай, екі тарап шартқа отыра алмаған кезде: телеарна бағдарлама беруші ретінде трансляциялау үшін аймақтық нұсқасын беруге дайын болғанымен кәбіл операторлары тек қана республикалық сигналды алғысы келді. Екі жекеменшік субъектілердің дауының кесірінен, отандық «31 арананы» көруге мүмкіндіктері жоқ қазақстандық көрермен зардап шегетін болды. Заңда нақ қай типтегі сигналды алу керектігі көрсетілмеген. Мұндай жағдайда не істеу керек? Меніңше, бұл дауға нүктені үәкілетті орган қою керек.

Отандық арналар шетелдік арналарға қарсы

-Мені кәбілдік теледидар көрермені ретінде басқа да сұрақ қызықтырады - шетелдік телараналардың міндетті түрде тіркелуі. Осы жаңалықты еңгізгеннен көрермен, мемлекет және кәбілдік операторлар не ұтты?

-Еске сала кетейін, бұған дейін шетелдік телеарналар жергілікті органдарға тіркелетін болған. Сол кездері әр-түрлі есептер бойынша олардың саны 200-250 болатын. Жаңа міндеттер кәбіл желісінде хабар таратқысы келетін барлық шетелдік телеарналарға 2 наурызға дейін тіркеуден өтуді міндеттеді. 5 сәурге дейін 176 шетелдік телеарна тіркелді. Осыдан кейін Қазақстанда баяғыдан бері хабар таратып жүрген арналар жоғалып, керсінше оның орнына бұрын болмаған жаңалары пайда болды. Сондай-ақ екінші нұсқаларда пайда болды, мысалыға кәдімгі және жоғарғы мүмкіндіктегі «Х» телеарнасы. Бірақ, негізінде ол екуі бір арна. Кәбілдік операторлары осындай нәтежені алдын-ала көре отырып, өздері шетелдік телекомпаниялардың кеңселеріне министерліктен тіркеуден өтсін деген сұраныстарымен хат жолдады. Керек деп санағандар өз келісімдерін берді. Ал тағы біреулерге екі- үш миллиондық абонентік базасы бар Қазақстан қызықтырмады. Біз осы туралы уәкілеттік мекемеге айтқан кезде, бізге былай деп жауап берді: егер олар біздің заңды ескергісі келмесе, олар бізге керек емес. Мемлекеттік реттуіш органдарының ұстанымы бойынша – қисынды. Ал халықаралық стандарттар бойынша азаматтардың әр түрлі ақпаратқа қол жетімділігі – жоқ.

-Ал қарапайым көрермендер позициясы бойынша ше?

-Өзіңіз талдап қараңызшы. Орташа кәбілдік теледидар операторының сандық форматта хабар тарататын орташа пакетінде 140 телеарнаға дейін бар. Егер бұған дейін оператор өзінде бар 200-250 телеарнадан қызықты пакет жасай алса, қазіргі 176-дан ондай жасап шығару өте қиын. Себебі ол жерде ашық балласттар, яғни қазақстандық көрермендерге әзірше қызықты емес «жаңа» телеарналар бар. Бір бірін қайталайтын бағдарламалар бар. Қалай айналдырсаңда абонентке үйреншікті алып тасталған «Дисней», «ТВ3», «ТНТ» тағы басқа арналарды алмастыра алмайсын. Әрине көрермендер пакеттердегі сапалық өзгерістерді байқап, өздерінің реакциясын білдірді.

-Ал енді осыдан қазақстандық ақпараттық кеңістік не ұтты? Шындығына келгенде қазақстандықтар отандық телеарналарды көбірек көре бастады ма? Қателеспесем, менің түсінгенім бойынша, заң дәл осыны мақсатты алға тартты емес па?

-Пакеттерден көрермен ұнатып қалған арналар ысырылған соң, кәбілдік теледидар абоненттері спутниктік теледидарға көшті, соның ішінде көбісі ресейлік спутниктік платформаға кетті. Көрермендердің бір бөлігі ғаламторға ауысты.

-Сонда бұл ойыннан ешнәрсе шықпады дегіңіз келеді ма?

-Бұл сұрақ мемлекеттік басқару органдарына. Әзірге, ҚР мемлекеттік хатшысы Марат Тажиннің отандық мемлекекттік телевидениенің сапасы жайлы жанама пікірі расталды. Бізде бар қандайда қазақстандық телеарналардың таңдау пакеттерінде болуы біздің телекөрермендерге оны таңдау критерилеріне жатпайтынын көрсетеді. Әзірге. Ал, ресейлік арнаның болуын - қалайды.

Монополия бәсекелестікке қарсы

-Шолпан, сіздердің Ассоциацияңыз мемлекет басшысына эфирлік желіні шифрлеу жайында екі рет жолдау жасаған болатын. Соңғы жолдауға көптеген қоғамдық мекемелермен қол қойылды. Осы сұрақ бойынша іс орыннан қозғалды ма?

-Қазақстанның бес қаласы (Алматы, Астана, Қарағанда, Жезказған, Жанаөзен) 2012 жылы сандық хабар таратуға көшу аясында, эфирлік желіні жаңа форматқа ауыстарды, осының әсерінен 30-дай (үлкен қалалрда) қазақстандық телеарналарды көру мүмкіндігі ұлғайды. Сөзсіз қуанышты факт. Дегенмен, 2012 жылдың желтоқсанында «Қазтелерадио» АҚ осы бес қалада желіні шифрлап тастады, енді телесигналды тек жалғамалар арқылы алуға болатын болды, балама қаматамсыз етушілердің сатып жүрген бағасынан екі есе артық бағамен, «Қазтелерадио» АҚ дилерлері бұл істі жүзеге асырды. Яғни, телекөрермендер жалғамаларды 7000 теңгеге сатып алып, 2012 жылдың шілдесінен сандық сигналды ойдағыдай алты ай аралығында қабылдап отырды, 4 желтоқсаннан бастап шифрлап тасталған соң оларды лақтырып тастауға мәжбүр болды. Сандық теледидарға аз-аздан Қазақстанның үлкен қалаларының бәрі ауысады, сөйтіп эфирлік теледидар абоненттерінде «Қазтелерадио» АҚ дилерлерінен 14000 теңгеге жалғамалар алудан басқа ешнәрсе қалмайды. Бұл нені білдіреді? 4000-8000 тұратын жалғамалар, халыққа екі-үш есе қымбатырақ сатылмақ.

Біз неге үнемі қарсылық білдіреміз? Өйткені эфирлік теледвидение үлкен әлеуметтік маңызы бар, ол ең қажетті, телевизиялық сигналды қабылдауға әр-дайым ашық. Тұрғындардың ғаламторға, спутниктік немесе кәбілдік телевидениеге қалталары көтермейтін шығар, бірақ эфирлік телевидение – бұл кепілденген және қол жетімді минимум ақпарат. Егер эфирлік телевидениені шифрлап тастаса адамдар шетте қалып, қандайда бір телевизиялық ақпаратсыз қалады. Кәбілдік телевидениеге немесе спутниктік телевидениеге қосылу зейнеткерлерге, мүгедектерге, студенттерге, көптеген жан-ұяларға және басқа категориядағы азаматтарға қиынырақ болады. Олар сонда біздің мемлекетіміздің азаматтары емес па, олар ештеңеге де тұрмайды ма, мемлекет оларды есептен алып тастауға дайын ба?

Осыған орай біз қайта астын сызып айтамыз: қабылдағыш жабдықтардың саласын монополиялау мүмкін емес. Эфирлік сигнал тек сандық тюнерлі теледидарға немесе жалғамаға қабылданбай, бүкіл әлемдегідей - барлық телевизиялық сигналды қабылдау функциясы бар: теледидарға, альтернативті жалғамаларға, смартфондарға, DVD-плеерлерге, автокөлік радиоларына қабылдануы керек. Кейбір пікірлерге және шартты қолжетімділік жүйесі арқылы эфирлік желіні шифрлаудың негізгі артықшылығы, телевизиялық сигналды қажет ететіндерден үзіп тастауға тұрмайды. Мұнда, эфирлік телевидение және коммерция – екеуі екі бөлек дүние екенін түсіну артықшылық етпейді.

Біздің жағдайда, жұмсақ айтар болсақ, қазақстандық контенттің танымал болмағаны оны көргісі келетіндерден және көруге дайын көрермендерден айырады, кім қазақстандық ақпарат кеңістігінде болғысы келетінді деген ұғым – оғаштау.

-Түсіндіріңізші, халыққа пираттық спутниктік тарелка қолдануға тиым салу немен аяқталды? Оларды мәжбүрлі түрде шатырлардан алып тастайды ма?

-Барлық телеарналарды қабылдағыш техникалық құралдардың сертификациялау туралы норма заңда бар, оның ішіне спутниктік тарелкаларда кіреді. Демек, менің білуімше заң күшіне еңген сәттен бастап, барлық қабылдағыш техникалық құралдары тексеруден өткен соң іске қосылады. Бірақ, ешкім, ешқандай жергілікті басқару органдары азаматтарға өздері иеленген құрал-жабдықтарды қолдануға тыйым сала алмайды. Кім, нені, қайда, не үшін көру керектігін ешкім мәжбірлей алмайды, қанша дегенмен, біз өркениетті қоғамда өмір сүреміз емес па. Егер былай десем мен Американы ашпайтын шығармын: қазіргі уақытта бұл мүмкін емес те, себебі технологияның деңгейі бұл жағдайды тиімді айналып өтуге көмектеседі. Баршаңызға мәлім, бұл шегі жоқ ғаламтормен мобильді теледидар. Сондықтан, тыйым салу – ол кешегі күн емес, ол өткен шақ. Бізде мұны түсінеді дегенге сенімдімін, сондықтан қазір барлық күш қазақстандық контенттің өркендеуіне жұмсалуда.

-Бардық күш неге жұмсалады – біздің телевидениенің контентінің өсуіне ме? Кешіріңіз, мен осы әңгіменің қатысушысы ретінде, Станиславский секілді бар дауыспен: сенбеймін! – деймін.

Мен әңгімелесушімнен кешірім өтінемін, ол менімен санаспауы мүмкін, бірақ өз пікірімді қоса кетейін – біздің телевия саласындағы азаматтар Салтыков-Щедрин сияқты әрекет жасауға әдеттенген: кіргізбе, шектеу қой, тыйым сал! Олар өңделіп шығатын өнімнің сапасын жақсартуды қажет ететін қарапайым бәсекелесті ұнатпайды, олар үшін үңгірдегі контент деңгейі жарамды. Ешнарсемен салыстырмау үшін, себебі салыстыра қарау олардың пайдасына емес, шетелдік телеарналардың қасында оларға эфирде темір перде болғаны қажет, міне сол үшін заңды өздеріне қарай бұрады. Бірақ жоғарыда айтылғандай, ақпапарттық кеңістіктегі шектеулер, тұрақсыз, баянсыз және шартты. Егер баспасөз саласын ортақтастындыруға әкеліп соғатын, Ресей, Белорусия және Қазақстан арасындағы Кедендік одақтың және Ортақ экономикалық кеңістіктің орнатылуын ескерсек, барлық телевидениедегі еріксіз күштеу жақтаушылары ескі дүние секілді көрінеді. Бізге бірге жұмылу қажет, ал біздің қазақстандық телевидение телекөрермендердің қызығушылығымен ешқандай санаспай, өздерінің өзімшіл көзқарастарынан ғана қарап межелеп бөлуге жармасады.

АСҚАР БАЕВ, Central Asia Monitor, http://camonitor.com/archives/7488

Участники

  • ЭКСПО-ның әзірлігін тексерген президент шенеуніктердің шаңын қақты
  • В Шымкенте впервые прошла свадебная выставка
  • В Казахстане вновь актуален вопрос относительно Единого Национального Пенсионного фонда
  • На тренировке национальной сборной по казахской борьбе

Мейрамдар

  • МАМ. 3
    Халықаралық баспасөз бостандығы күні
  • МАМ. 7
    Радио күні
  • МАУ. 28
    Қазақстан журналистер күні
Твиты пользователя @NatKaz2014

Әріптестер