«Телерадио хабар тарату туралы» Заң жобасы Қазақстанның электронды БАҚ саласын мемлекеттік монополияға әкеліп соқтыртады.

05.09.2011

Қазақстан Ұлттық Телерадиохабар Таратушылар Ассоциациясы, «Әділ сөз» Халықаралық сөз еркіндігі Қоры, Астанадағы ОБСЕ өкілдігі және Сорос-Қазасқтан Қорының қолдауымен «Телерадио хабар тарату турал» заңы қандай болмақ?» атты дөңгелек үстел өткізді.

Баршамызға әйгілі болғандай, ҚР Байланыс және ақпарат Министрлігімен өңделген «Телерадио хабарлары туралы» Заң жобасы, ҚР Мәжіліс Парламентіне қарауға жіберілді. Заң жобасын өңдеу жұмыстарына министрліктің жұмыс тобымен бірге азаматтық сектор және сондай-ақ, осы дөңгелек үстелдің ұйымдастырушыларыда белсенді ат салысты. Қыркүйектің 5 жұлдызында мемлекеттік емес БАҚ мекемелерінің атынан ҚР Парламент депутаттарының атына «Қоғамның ең негізгі деген ұсыныстары осы заң жобасына кірмеді» деген үндеу жолданды.

Міне осы Үндеуден кейін, тура бира аптадан соң ҚР Парламент депутаттары, халықаралық сарапшылар, ҚР Байланыс және ақпарат Министрлігінің өкілдері және халықаралық мекемелер, мемлекеттік емес телеарна басшылары, Кәбілдік телевидение операторлары, «Қазтелерадио» АҚ өкілдері дөңгелек үстел басында кездесті. Ұйымдастырушылардың мақсаты заң жобасы бойынша өз позициясын қатысып отырған ҚР Парламент депутаттарына жеткізу, себебі қазір Заң жобасының мүлтіксіз болуы тек солардың ғана өкілеттілігінде.

Байланыс және ақпарат Вице-министрі Нұрай Оразов, дөңгелек үстелді аша отырып, заң жобасын қабылдау отандық эфирде телерадио хабар таратудың бәсекеселтікке қабілеттілігін қамтамассыз етеді. Заң жобасы IP-телевидениесін және кәбілдік хабар таратуды реттеуді қарастырады. Толығырақ айтар болсақ, аймақтарда хабар тарататын кәбілдік операторларға отандық телеарналардың негізгі пакеттерін қосуды міндеттейді. Сондай-ақ, Қазақстан территориясында хабар тарататын шетелдік телеарналар тіркеуден өтуі керек және заңның барлық міндеттерін сақтауы қажет, соның ішінде – ішімдік, зұлымдық пен зорлық-зомбылықты насихаттайтын жарнамалар. Заң 2015 жылы толық аналогтан сандық хабар таратуға көшуді қарастырады. Келесі жылы ең бірінші болып пилоттық режим бойынша Астана, Алматы и Қарағанда қалалары сандық форматқа көшеді.

-Азаматтар қандай телевидениені көретіндерін өздері таңдайды. Егер қалтасы көтермейтін тұрғындарға келер болсақ, қазір біздің министрлікпен қаржыландыру және тұрғылықты жерде тегін хабар тарату,әрине, ресиверді қосу арқылы сандық эфирде хабар көрсету мәселелері қарастырылып жатыр. – деп, айта кетті Байланыс және ақпарат Вице-министрі Нұрай Оразов.

Министрліктің ресми көз қарасын Вице-министр айтып өтті. Дөңгелек үстелге қатысушылар талқыланып жатқан тақырып бойынша өз пікірлерін білдірді.

Участники

  • Театралы Шымкента в предвкушении женитьбы Фигаро

Мейрамдар

  • ҚЫР. 8
    Халықаралық журналистер ынтымақтастығы күнi
  • ҚАЗ. 23
    Жарнама қызметкері күні
  • ҚАЗ. 24
    Халықаралық ақпарат және даму күні
Твиты пользователя @NatKaz2014

Әріптестер