2017 жылға дейін Оралдықтар ресейлік телеарналардан ажыратылады

02.12.2014

Оралдағы Ресейлік телеарналар өшіріледі. Астанадан арнайы келген мамандар көрші ел телеарналарының аймақта неге көрсетілмейтінін түсіндіріп берді.

Бұл туралы Уральская Неделя газетіне сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

"Өзге аймақтар біртіндеп отандық телеарнаға бет бұрып жатыр. Сондықтан, оралдықтар, сіздер де бұл үрдістен шет қалмайсыздар. 2017 жылға дейін өңірдегі түрлі баламалы телеарналар өшірліп, "Отау ТВ-ға" көшетін болады", - деді "Қазтелерадио" АҚ баспасөз хатшысы Рауан Есқали.

"Қазтелерадио" АҚ жергілікті филиалы директорының орынбасары Нұрлан Қадыровтың айтуынша, ресейлік телеарналарды өшіруге олар мәжбүрлі түрде барып отыр.

"Бұл күндері Оралда қолданылып жүрген спутниктік "тарелкалар" Қазақстанда тіркелмеген. Сондықтан, салық та төлемейді. Біз ресейлік телеарна басшыларымен талай рет тілдесіп, заңнан ауытқымауын айтқанбыз. Алайда, олар құлақ асқан жоқ. Сол себепті, оларға енді осылай шара қолданамыз", - деді Қадыров.

Мамандардың айтуынша, тіркелмеген "тарекалардың" салдарынан Қазақстан жыл сайын 2 млрд теңге салықтан қағылып отыр.

Заңнан бөлек, мамандар ресейлік телеарнаның қазақстандық көрермендерге теріс әсер ететін тұстарын да айтты.

"Сіздер Жаңаөзендегі оқиға неден болды деп ойлайсыздар? Себебі, тұрғындар шетелдік тарелкалармен "өмір сүрді" де, өзге ақпаратты құлаққа сіңірді", - деді Рауан Есқали.

Бүгінде "Отау ТВ" арқылы 23 арна көрерменге жол тартады.

Источник: NUR.KZ

Участники

  • Таразда еріген қар суы жаппай аулаларды басып жатыр
  • В Шымкенте в страшной аварии погибли три человека
  • В Казахстане вновь актуален вопрос относительно Единого Национального Пенсионного фонда
  • На тренировке национальной сборной по казахской борьбе

Мейрамдар

  • МАМ. 3
    Халықаралық баспасөз бостандығы күні
  • МАМ. 7
    Радио күні
  • МАУ. 28
    Қазақстан журналистер күні
Твиты пользователя @NatKaz2014

Әріптестер