«Алау» Телерадиокомпаниясына 20 жыл!

31.07.2013

2013 жылдың 31 шілде айында "Алау" Телерадиокомпаниясы 20-жылдық мерейтойын тойлады. "Алау" компаниясының ұжымын туған күнімен құтықтау үшін Қазақстанның түкпір-түкпіренен қонақтар келді. Қонақтар арасында басқа аудандардың жеке телекомпанияларының өкілдері, сонымен қатар Қазақстан Ұлттық Телерадиохабар Таратушылар Ассоциациясы да (ҰТТА) бар.

Қазақстан Ұлттық Телерадиохабар Таратушылар Ассоциациясының өкілдерінің құрамында атқарушы директор Шолппан Жақсыбаева, «Туран Туркестан» телеарнасының директоры Мұрат Бекбаеа (Түркістан қ-сы), «Арыс толкындары» телеарнасының директоры Маханбет Төлебекова (Арыс қ-сы), «Новое ТВ» телеарнасының директоры Руслан Никонович (Қараганды қ-сы), «АРТА» телеарнасының директоры Гүлнар Ешімова (Екібастұз қ-сы), Сергей Власенко БАҚ қолдау орталығының жетекшісі, Ботагоз Мадиярова ҰТТА жобаларының жетекшісі – телеарна студиясына барып, компанияның ұжымымен танысып, сондай-ақ арнаның жұмысын бағалады. "Алау" телеарнасы республикамыздағы жеке аудандық арналардың ең жақсы дегендерінің бірі.

"Алау" телерадиокомпаниясының директоры Зульфия Арефьеваның сөзінше, 20 жылдың ішінде телерадиокомпания үлкен жетістіктерге жеткен. "Бүгінгі күнде Алау 20 жеке авторлық бағдарламаларын шығарды, өз кезегінде оның 60% телеэфирде" - деп айтты З.Арефьева. Жеке аудандық телевидениеде бұл өте жоғарғы көрсеткіш.

"Бүгінде жүз шақты адам телевидениеде, радио және ақпараттық порталда хабар дайындайды. Біз оны бір жыл бұрын қайта құрған болатынбыз. Бүгінде біздің порталды күніне кіріп қолданатындар саны 10-15 мыңға жетеді. Бұл сұрақ-жауаптар немесе байқауларға байланысты" - деп, З.Арефьева әріптестеріне айтты.

Канал басшыларында телевидениені қалай сапалы және қызықты етуге болатыны жайлы көптеген идеялар мен жоспарлар бар. Бірақ, бір тәртіп өзгерусіз қалады: әрқашан "Алау" журналисттері өз көрермендеріне тек анық, маңызды және жедел түрде ақпарат ұсынуға тырысу.

Осы жылдың маусым айында журналисттер күніне орай, Қостанайлық "Алау-ТВ" телеарнасы өз жұмысы үшін Қазақстан Президентінен алғыс хат алу құрметіне ие болды. Бұл таңқаларлық жағдай емес. Рейтингілік зерттеулерге сай, бұл телеарна ең әйгілі, оны Қостанай облысының 86% көреді. Сондай-ақ, бүгінде телеарна тәулік бойы хабар таратады жене 2012 жылдан бастап "Отау ТВ" спутнигі арқылы хабар таратуды бастады.

Қазақстан ҰТТА атқарушы директоры айтқандай, бұл жеке аудандық телевидение үшін ең үлкен жетістік. "Алау" телеарнасы Қазақстан тарихындыға қазақстандық спутник телевидениесіне көтерілген екі арнаның бірі. Меніңше, бұл сапа белгісі." - деді Ш. Жақсыбаева.

"Алау" Телерадиокомпаниясының 20-жылдық мерейтойы әр-түрлі іс-шаралармен қанық болды. Мерейтойға байланысты өткен мәжілісте Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов қатысты. Ол "Алау" телерадиокомпаниясын құтықтап алғыс хат ұсынды. Н.Сәдуақасов телерадиокомпанияның ақпараттандыру саласындағы дамуын тек Қостанай облысын ғана емес, сол сияқты мемлекет алдындағы ерекше рөлін айта кетті.

Мәжіліс барысында әріптестерден және Қазақстанның жан-жағынан келген қонақтардан құтықтаулар лебізі естілді. Бас редакторлар Клубының Президенті Кенжеболат Жолдыбай мырзада "Алау" телекомпаниясын құтықтады.

Атқарушы директор Ш.Жақсыбаева Қазақстан ҰТТА мүшелерінің атынан құтықтау сөзін оқыды. Онда былай делінген: ""Алау" телеарнасына телевизиялық көкейтесі жаңалықтар және қызықты авторлық бағдарламалар қайталанбас кейіп беріп, жерлестерінің лайықты мәртебесін алды." Қазақстан Ұлттық Телерадиохабар Таратушылар Ассоциациясының өкілдері "Алау" телеарнасының директоры З.Арефьеваға ұлттық нақыштағы сурет тарту етті.

"Алау" телекомпаниясын "Интерньюс" атынан Интерньюс Қазақстан "Орталық Азияда жаңа бұқаралық ақпарат құралдарының дамуы" жобасының үйлестірушісі Анна Сухачева құтықтады.

Мәжіліс барысында мерейтойға арнап шығарылған "Алау" ТРК даму тарихы туралы "Телекухня "Алау" атты аспаздық стилінде жазылған кітабының тұсаукесері өтті. Кітап "Алаудың" отын қандай адамдар жағып бастағаны туралы, кімнің кім болғаны, қалай "талекухня" мәзірін жемісті дайындау керек екені туралы білгісі келетін адамдарға арналған. "Алаудан" шыққан көптеген адамдардың аты-жөні тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ оның шет жақтарында да белгілі. Олар - Игорь Нидерер ("Хабар"), Николай Марченко ("РенТВ"), Алексей Шахматов (КТК), Юлия Синчук (1 канал Евразия), Александр Журавлев (TengrinewsTV) және басқалары. Авторлар көптеген адамдармен сырласыуға тырысқын: 1993 жылдары "Алауды" құрғандармен, 1995 жылдары кім оны құтқарды, 2000 жылдары кім оны тікелей эфирде хабар таратудың жаңа сатысына шығарды және қазіргі кезде кім "Алаудың" дамуын жалғастырып, осы "телекухня" отын үзбей қолдап жүргендер туралы жазған. Барлық қонақтарға мерейтойға арнап шығарылған кітаптың бір данасынан сыйға тарты.

Мерейтой мәжілісі жаңа және дәстүрлі БАҚ рөлі туралы пікірталастармен жалғасты. БАҚ қолдау орталығының жетекшісі Сергей Власенко өз сөзінде қазіргі жүріп отырған заңнамалар ғаламтор кеңістігінде БАҚ қызметінің ерекшелгін ғаламтор кеңістігінде, сонымен қатар ғаламтор-ресурстарында (веб-сайтттар, блогтар, электорнды кітапханалар, ғаламтор дүкендері және басқа) "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заң нормаларын ғаламтор-ресурстарына және блогерлердің қызметіне ешқандай қолдануға сай келмейтіні жайлы айтты.

Интерньюс Қазақстан "Орталық Азияда жаңа бұқаралық ақпарат құралдарының дамуы" жобасының үйлестірушісі Анна Сухачева Орталық Азиядағы жаңа баспасөздің сәтті дамығандары туралы мысалдар келтіре кетті. Қарағанды қаласының "Новое ТВ" телеарнасының директоры Руслан Никонович Қарағандыда жаңа және дәстүрлі БАҚ ынтымақтастықтары туралы айтты. Шолпан Жақсыбаева ақпараттық еркіндік ғасырында өмір сүріп жатқанымыз туралы және дәстүрлі БАҚ бұрынғы тәртіппен реттеу әдістері көптеген жағдайларда орынсыз екенін жиналғандардың естеріне түсіре кетті.

Мәжілісте көтерілген тақырыптар келесі күнгі Қазақстан ҰТТА "Алау" телекомпаниясының 20-жылдығына арнап ұйымдастырған "Конвергециялық, мультимедиялық редакцияны дәстүрлі БАҚ базасында құрудың негіздері " атты семинарда жалғасын таба білді. Семинарға Қостанай қаласы және Қостанай облысының мемлекеттік емес БАҚ редакторлары мен журналисттері қатысты. Семинар тренері Анна Сухачева БАҚ-ның әлеуметтік желілерде өсуі туралы, конвергенция туралы, мультимедиа туралы, азаматтық журналистика және аудиториямен жұмыс жайлы жиналғандарға айтып берді. Семинарда Ғаламтордағы БАҚ қызметіндегі блогерлер мен журналисттердің заң аспектілері туралы да сөз болды. Осы сәтті пайдалана отырып, "Алау" телеарнасының директоры Зульфия Арефьева Қазақстан ҰТТА атқарушы директоры Ш.Жақсыбаеваға алғыс хат тапсырды. Алғыс хатта былай делінген: "Сіздердің жұмыстарыңыз әр-түрлі пікірталастарда республикамыздың мемлекеттік емес БАҚ өкілдері өз мүддесін қорғауға, сондай-ақ керекті ақпараттық және құқықтық қолдау алуына, ҚР орналасқан басқада жеке телерадио арналармен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді".

Ал кешкісін барлық қонақтармен қала тұрғындары Қостанай қаласының басты алаңында жиналды, ол жерде мерейтойға арнайы ұйымдастырылған қостанайлық эстрада жұлдыздары,сонымен қатар "Алау" дуэтінің қатысуымен концерт өтті. Телеарна қала тұрғындарының барлығы ортақ жақсы көретін жан-ұясындай болып кеткен, олар телеарнаның тойына шын көңілден қуана қатысты.

Участники

  • Aқтөбеде су тасқынының қаупі әлі сейілмей тұр
  • Большая вода из Узбекистана грозит подтоплениями в ЮКО
  • В Казахстане вновь актуален вопрос относительно Единого Национального Пенсионного фонда
  • На тренировке национальной сборной по казахской борьбе

Мейрамдар

  • МАМ. 3
    Халықаралық баспасөз бостандығы күні
  • МАМ. 7
    Радио күні
  • МАУ. 28
    Қазақстан журналистер күні
Твиты пользователя @NatKaz2014

Әріптестер