2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап аналогтық телехабар тарату желісі өшіріледі

03.09.2015

Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары толығымен цифрлық эфирлік телехабар тарату желісіне көшуге дайын. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап аталмыш аумақтарда аналогтық телехабар тарату желісі өшіріледі деп жоспарланған. Телеарналарды қабылдауда үзіліс болмас үшін цифрлық телехабар тарату желісіне алдын-ала қосылуға кеңес беріледі.

Осыған байланысты «Қазтелерадио» АҚ дистрибьютерлер, қабылдау құрылғысын өндірушілермен бірге өзара әріптестік туралы үшжақты меморандумға қол қойды. Меморандумға сәйкес, аталмыш аумақтардың тұрғындарына жерсеріктік және цифрлық эфирлік телехабар тарату желілеріне жеңілдікпен қосылуға мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар, келісім-шарт жасасқан күннен бастап желіге қосылудың төлемақысын 3 айға дейінгі мерзімге шегеруге болады.

«OTAU TV» жерсеріктік телехабар тарату желісіне 2015 жылдың шілдесінен бастап қыркүйектің аяғына дейін қосылып үлгірген абоненттерге «Толық» ақылы топтамасы 1 айға тегін көрсетіледі. «Толық» ақылы топтамасы 100-ден астам телеарнадан жасақталған, оның 58-і шетелдік рейтингі жоғары арна. Сондай-ақ, жерсеріктік телехабар тарату желісі отандық 40 телеарна мен 14 радиоарнаны тегін көріп, тыңдауға мүмкіндік береді. «OTAU TV» жерсеріктік телерадиохабар тарату желісі ҚР аумағын 100 пайызға қамтиды.

2015 жылдың 24 тамызындағы мәлімет бойынша, «OTAU TV» Ұлттық жерсеріктік телерадиохабар тарату желісі абоненттерінің саны 940 мыңның шамасында, деп хабарлайды ҚР Телерадиохабар тарату саласындағы Ұлттық операторы «Қазтелерадио» АҚ өкілдері. Яғни 3,6 млн қазақстандық отандық және шетелдік телеарналарды цифрлық сапада тамашалауда деген сөз.

Дерек көз: http://otautv.kz/blog/almaty-zhambyl-zh%D3%99ne-o%D2%A3t%D2%AFstik-%D2%9Baza%D2%9Bstan-oblystary-toly%D2%93ymen-cifrly%D2%9B-efirlik-telexabar-taratu-zhelisine-k%D3%A9shude/


Участники

  • Шымкентте екі адам бірдей адам, тоққа түсіп қайтыс болды
  • Абай Кунанбаев в Шымкенте стал центром молодежной тусовки
  • В Казахстане вновь актуален вопрос относительно Единого Национального Пенсионного фонда
  • На тренировке национальной сборной по казахской борьбе

Мейрамдар

  • ҚЫР. 8
    Халықаралық журналистер ынтымақтастығы күнi
  • ҚАЗ. 23
    Жарнама қызметкері күні
  • ҚАЗ. 24
    Халықаралық ақпарат және даму күні
Твиты пользователя @NatKaz2014

Әріптестер