​Дәрілік заттарды жарнамалауға ресми түрде рұқсат берілді

03.12.2014

5 қарашада Қазақстан Республикасының Мәжіліс Парламенті бұқаралық ақпарат құралдарында дәрілік заттарды жарнамалауға тыйым салу жөніндегі заң жобасын екінші оқылымында мақұлдады. БАҚ өкілдерінің көптеген үндеулеріне қарамастан «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойылған болатын және ол 2014 жылдың 20 қарашасынан күшіне енді.

Осы жалдың мамыр айынан бастап барлық баспасөз басылымдары БАҚ құралдарында дәрілік заттарды жарнамалауға тыйым салу жөніндегі талқылаулар мен сынаулар белсенді жүрді. Шамамен барлық отандық телерадиокомпаниялар, баспасөз басылымдары, электрондақ БАҚ және сондай-ақ, фармацевтикалық өнім өндірушілер атынан Заң шығарушы органдарына берілген тыйымды өзгерту жөнінде өтініштер жолданды.

Заң дәрілік заттар туралы және медициналық қызмет, профилактикалық әдіс-тәсілдер, диагноз қою, емдеу туралы жарнамаларды таратуды тек арнайы медициналық басылымдарда және денсаулық сақтау мекемелерінде, медициналық қызметпен айналасуға лицензиялары бар мекемелерінде рұқсат берген. Бірақ бүгін ресми түрде дәрілік заттарды жарнамалауға ресми түрде рұқсат берілді. Және ең маңыздысы Заң 2015 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енеді, бірақ осы Заңның 1-бабының 29-тармағы (БАҚ дәрілік заттарға рұқаст беретін) 2014 жылғы 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

Осы тыйым әсерінен он үш күн ішінде (20 қарашадан 03 желтоқсанға дейін) фармацевтикалық компаниялар және БАҚ ауқымды кіріс сомасын жоғалтты, соның ішінде негізгі кірісін жарамадан көретін мемлекеттік емес БАҚ мекемелері.


Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық

актілеріне салық салу мәселелері бойынша

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

(Егемен Қазақстан №237 03.12.2014.)

29. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 10, 52-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):

1-баптың 6-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) 18-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жарнамасы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.»;

3-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«7) тиiстi қызмет түрiн жүзеге асыруға лицензиясы болмаған кезде дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жарнамалауға;»;

4-тармақ алып тасталсын;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Медициналық қызметтердiң, профилактика, диагностика, емдеу және медициналық оңалту әдiстерi мен құралдарының, дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жарнамасын мерзімді баспасөз басылымдарында, өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында және денсаулық сақтау ұйымдарында таратуға және орналастыруға жол беріледі.

Рецепт бойынша босатылатын, оның iшiнде құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрiлiк заттардың жарнамасы медицина және фармацевтика қызметкерлерiне арналған мамандандырылған мерзімді баспасөз басылымдарында жүзеге асырылады.»;».


Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ


Астана, Ақорда, 2014 жылғы 28 қараша

№ 257-V ҚРЗ

Участники

  • Қар көшкінінен қаза тапқандардың жақындары жайсыз хабарды телеарнадан естіген
  • Фермер в Южно-Казахстанской области получил огнестрельное ранение
  • В Казахстане вновь актуален вопрос относительно Единого Национального Пенсионного фонда
  • На тренировке национальной сборной по казахской борьбе

Мейрамдар

  • НАУ. 2
    International Children's Day of Broadcasting
  • НАУ. 12
    Халыкаралык балаларға арналған телевидение және радио күні
  • МАМ. 3
    Халықаралық баспасөз бостандығы күні
Твиты пользователя @NatKaz2014

Әріптестер