Инвестициялар және даму вице-министрі тағайындалды

04.06.2015

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәрсенов Сәкен Сейітжапарұлы Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі болып тағайындалды.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінен хабарлады.

Бұған дейін ол ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетін басқарған болатын.
Сәкен Сәрсенов 1977 жылы 2 ақпанда туған. Мәскеу мемлекеттік авиациялық институтын «Ақпарат өңдеу және басқарудың автоматтандырылған жүйесі» мамандығы бойынша бітірген.

Әр жылдары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінде жұмыс істеген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «Қаржылық жүйелерді ақпараттандыру орталығы» РМК ақпаратты қорғауды ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.

2003-2008 жылдары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 2008 жылдың сәуір айынан бастап 2009 жылдың қазан айына дейін «Қазақтелеком» АҚ электрондық қызметтер бойынша Басқарушы директоры лауазымында болды.

2009 жылдың қазан айынан бастап 2010 жылдың 30 наурызына дейін ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнаулы есеп жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2010 жылдың сәуір айынан 2012 жылдың қаңтар айына дейін ҚР Байланыс және ақпарат вице-министрі лауазымын атқарды.

2012-2014 жылдары ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі қызметінде болды.

Сонымен қатар ҚР Байланыс және ақпарат агенттігі төрағасының бірінші орынбасары (09.04.2014-13.08.2014); ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің ақпараттандыру және ақпарат комитетінің (08.2014 бастап) төрағасы лауазымдарын атқарды.

Дереккөз: http://www.inform.kz/kaz/article/2782977

Участники

  • Бүгін президент олимпиада жүлдегерлерін марапаттады
  • Какие украшения будут в тренде осенью-2016
  • В Казахстане вновь актуален вопрос относительно Единого Национального Пенсионного фонда
  • На тренировке национальной сборной по казахской борьбе

Мейрамдар

  • ҚЫР. 8
    Халықаралық журналистер ынтымақтастығы күнi
  • ҚАЗ. 23
    Жарнама қызметкері күні
  • ҚАЗ. 24
    Халықаралық ақпарат және даму күні
Твиты пользователя @NatKaz2014

Әріптестер