Қазақстан ҰТТА Президенті болып танымал журналист, поэт, қоғам қайраткері Шахизада Әбдікәрімов сайланды

02.08.2016

2016 жылдың маусым айында өткен жыл сайынғы ҰТТА-ның жалпы жиналысында Қазақстан Ұлттық Телерадиохабар Таратушылар Ассоциациясының Президенті болып Шакизада Әбдікәрімов сайланды.

Шакизада Өтетілеуұлы Әбдікәрімов 1956 жылы Қызылорда облысы, Жаңажол ауылында дүниеге келді. Ол әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде журналистика факультетін бітірді. Еңбек жолын "Коммунизм шамшырағы" газетінің әдеби қызметкері болып бастады. 1988-1995 жылдары Ш.Әбдікәрімов "Байқоңыр" Телерадиокомпаниясында бас редактор, содан кейін директор қызметін атқарды. Сондай-ақ, ол "Қазақстан" телеарнасының Қызылорда облысы бойынша меншікті тілшісі қызметін атқарды.

2000 жылы Ш.Әбдікәрімов "Қызылорда" Телерадиокомпаниясын ("Қоғам ТВ") құрды. Қазіргі таңда телеарна өз контентінің ерекшелігіне байланысты жергілікті көрермендер арасында танымал, әсіресе «Мезгіл мәселесі», «Көзбе-көз, сөзбе-сөз», «Прокуорор сағаты», «Әкім сағаты», «Маман мінбері», «Рауан», «Шеберлік шаһары» бағдарламалары көрермендер ықыласына бөленген. Телеарна Республикалық телеарналарда жұмыс жасайтын жас журналистерді тәрбиелеп, олардың өмірлік сәтті жолдама алуына себепкер болған. Телекомпания шығармашылық ұжымы бірнеше рет Республикалық журналисттер конкурстарында жүлделі орындарындарды иеленген. Телерадиокомпания уәкілетті министрліктен, облыстық және қалалық әкімдіктерден бірнеше мақтау қағаздар мен алғыс хаттармен марапатталды.

Ш.Әбдікәрімов - Жазушылар Одағының және Журналисттер Одағының мүшесі, Жазушылар Одағы сыйлығының лауреаты. "Көк астындағы қағанат", "Пенде мен перде", "Гладиатор", "Байқоныр", "Алтын қазық" атты кітаптардың авторы. Оның кітаптары әлемнің бірнеше тілдеріне аударылған.

Шакизада Өтетілеуұлы "Ерең еңбегі үшін", "Құрмет", "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне - 20 жыл", "Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері" ордендерімен және "Байқоңыр 2006 жыл Ғарыш кешенін игерудің 50 жылдығы" медальдарымен марапатталған. Қармақшы ауданының және Қызылорда қаласының "Құрметті азаматы" атағына ие. Қызылорда облыстық мәслихат депутаты. «Нұр Отан» партиясының кеңесшісі.

Участники

  • Ақмола облысында су кірген үйлердің бірінен әйел адамның денесі табылды
  • В ЮКО назначен первый заместитель прокурора
  • В Казахстане вновь актуален вопрос относительно Единого Национального Пенсионного фонда
  • На тренировке национальной сборной по казахской борьбе

Мейрамдар

  • МАМ. 3
    Халықаралық баспасөз бостандығы күні
  • МАМ. 7
    Радио күні
  • МАУ. 28
    Қазақстан журналистер күні
Твиты пользователя @NatKaz2014

Әріптестер