ҚР АКМ Байланыс, ақпараттандыру және БАҚ саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің төрағасы сайланды

27.12.2016

Бүгін Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде Әділ Ғалымжанұлы Қожықов ҚР АКМ Байланыс, ақпараттандыру және БАҚ саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің төрағасы болып сайланды

Ә.Ғ. Қожықов 1978, жылы туылған, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Саясаттану» мамандығы бойынша тамамдаған.

Өзінің еңбек жолын 2000 жылы Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігінде ғылыми қызметкер болып бастаған.

Әр жылдары ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында, ҚР СІМ жанындағы Сыртқы саясат және талдау орталығында жұмыс істеген.

2005-2011 жылдар аралығында ҚР Президентінің Әкімшілігінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған: Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының аға сарапшысы, Ақпараттық-талдау орталығында сектор меңгерушісі, Баспасөз хатшының орынбасары, Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары.

2011-2012 жылдары – ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» РМК директорының орынбасары.

2013-2014 жылдары – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі.

2014 жылғы сәуір – 2016 жылғы қыркүйек аралығында «Талдау және ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры лауазымын атқарды.

2016 жылғы қазан-желтоқсан аралығында – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің кеңесшісі.

Дерек көз: http://mic.gov.kz/kk/news/kr-akm-baylanys-akparattandyru-zhne-bak-salasyndagy-memlekettik-bakylau-komitetinin-toragasy

Участники

  • Ақмола облысында су кірген үйлердің бірінен әйел адамның денесі табылды
  • В ЮКО назначен первый заместитель прокурора
  • В Казахстане вновь актуален вопрос относительно Единого Национального Пенсионного фонда
  • На тренировке национальной сборной по казахской борьбе

Мейрамдар

  • МАМ. 3
    Халықаралық баспасөз бостандығы күні
  • МАМ. 7
    Радио күні
  • МАУ. 28
    Қазақстан журналистер күні
Твиты пользователя @NatKaz2014

Әріптестер