Отырар телеарнасы достарымен кездесті

06.03.2013

Шымкеттік "Отырар" телеарнасы 2013 жылдың 5-6 наурызыда ҚР мәдениет және ақпарат Вице-министрлеріне, USAID және Интерньюс мекемелернің өкілдеріне, Тәжікстан хабар таратушылар ассоциациясының өкілдеріне, Ресейлік тренерлермен және әріптестеріне, Қазақсатанның аймақтық телеарналарының директорларына, Қазақстан Ұлттық Телерадиохабар Таратушылар Ассоциациясының (ҰТТА) мүшелеріне өз есіктерін айқара ашты.

Отырар TV: аймақтық телевидениенің пішіні мен тура бейнесі

Осы жолы ҰТТА әдеттегі іскерлік кездесуін өңірлік телеарнада өткізу шешімін қабылданды. Таңдау «Отырар» телеарнасына түсті, оның ең басты себебі, «Отырар» - өңірлік телеарналардың ішіндегі алдыңғы қатарлы арна болып есептеледі, бұл жай ғана сөз емес, арнаның көп жылдық жемісті жұмысы ресми рейтингтермен дәлелденген. «Отырардың» жетістіктері неде?

Бұл сұраққа жауапты ҰТТА мүшелері арнаның бас директоры, баға жетпес жетекші, рухтандырушы Валентина Куприяновна Куликовамен арнада саяхат жасап жүрген кезден бастап жауабын іздеумен болды. Үш қабатты ғимаратта ньюсрумдар, кешенді студиялар, монтаж цехтары, операторлық бөлмелер бір сөзбен айтқанда, бағдарламаларды дайындау үшін барлық бөлмелермен кеңселер орналасқан. Телеарна алдыңғы қатарлы техникалармен жабдықталған. Маңызды репортаждарды дайындау және жаңа идеялардың тууына ықыластандаратын жағжай жасалған. Мүмкін, В.К.Куликованың сәттілігі жай сынақ мерзімінен өтушілерден, «Отырардың» мәртебесін асқақтататын нағыз кәсіпқой адамдарды тәрбиелеп шығарудың құпиясын білуінде шығар. Валенитина Купряновна еш қалжынсыз, шыныменен осындай еңбекпен өз кәсіп иелерін дайындап шығарған мамандарын астаналық телеарналар бір сәтте-ақ, еліктіріп алып кететінін атты.

«ОтырарTV»телеарнасы жайлы: тек шындық

«Отырар» қаладағы және облыстағы барлық болып жатқан оқиғаларды бақылап отырады. Қазақ және орыс тілді редакциялар таңғы эфирге, күндізгі және кешкі жаңалықтарды шығарып отырады. Сондай-ақ экономикамен, медецина, мәдениетке қызығатындарға арнап арнайы жаңалықтар дайындайды. «Экстренный вызов», «Юридическая самооборона», «Я здесь живу», «Медикон» сияқты көптеген авторлық бағдарламалар жоғарғы рейтингті иеленген. Бүлдіршіндер редакциясы «Час без родителей» деген бағдарлама шығарады, ол IV Республикалық «Алтын жұлдыз» конкурсында беделді марапаттардың бірін жеңіп алды. Республикалы фестивальде «На самом деле» атты жастар бағдарламасы жүлделі орынды жеңіп алды. Телеарна таңғы эфирге ерекше мән береді. «Пора вставать» және «Шымқала» бағдарламаларының жүргізушілері көрермендермен сергектікпен оптимистік көңілмен бөліседі.

ҰТТА мүшелері «Отырар TV» арнасын 20 жылдық мерей тойымен құтықтады

Қазақстан ҰТТА мүшелері және келген қонақтар осы кездесуде алған әсерлерінен соң, «Отырар» телеарнасының тамаша жабдықталған конференц-залына өтті. Мәжіліс басында Қазақстан ҰТТА мүшелерінің «Отырар» терлеарнасының баға жетпес басшысы В.К.Куликованы телеарнаның 20-жылдық мерейтойымен шын жүректен құтықтап, ескерткіштер, құтықтау қағаздарын және әдетінше осындай қуанышты жағдайларда кигізетін шапан берді. Құтықтауды «Интерньюс Нетворк» өкілдігінің директоры Олег Кациев оқыды. Осы күні Валентина Куприяновнаның атына көптеген жылы-жылы тілектермен шын жүректен құтықтаулар айтылды. «Отырардың» бүгінгі келбеті – сөзсіз осы кісінің еңбегінің арқасы.

Қонақтар мен Қазақстан ҰТТА мүшелері ең маңызды мәселерді талқылады

ҰТТА Іскерлік кездесуінің арнайы қонағы мәдениет және ақпарат Вице-министрі А. Қырықбаев болды. Арман Оразбайұлы өзінің құтықтау сөзімен ҰТТА Іскерлік кездесуінің пікірталасын ашып берді. Ол дың Қазақстанның ақпараттық кеңістігінің дамуынааймақтық телеарналар үлкен үлес қосатынын, Мәдениет және ақпарат Министрлігі Қазақстан ҰТТА және аймақтық телеарналардың өкілдерімен әр-түрлі диалог алаңдарында жемісті ынтымықтастығын айтып өтті.

Кездесуге қатысушылар USAID-тың демократияны дамуыту бөлімінің директоры Дэвид Хоффманды қарсы алды, ол қазір барлық әлем дәл осы аймақтық телевидениеге үміт артып отырғанын айтты.

«Республикалық арналар тек әлемде болып жатқан жайттарды ғана айтады, ал аймақтық телеарналар ғана тек дәл қай аймақта не болып жатқанын айтып береді. Осының әсерінен жергілікті контент ерекше болып қала береді. Және сіздердің арналарыңыз тұрғындарға қажетті.. Себебі тек сіздердің аймақтық телеарналарыңыздан осы және басқа елде не болып жатқаны туралы толық және объектілік көріністерді алады.» - деді, Дэвид Хофман.

Ал ары қарай пікірталасқа қатысушылар ешкімге қарамай, көкейкесті мәселерді бірінен кейін бірін көтерді. Мемлекеттік республикалық арналарға мемлекеттік тапсырысты үйлестіру мәселелері де көтерілді. Тапсырыс берушіге бұл абырой алып келмейді, себебі көп жағдайда бюджеттің ақшасы босқа шығындалып жатады - деп санайды «Кызылорда» телеарнасының басшысы Шакизада Абдікәрімов.

«Нәтежесінде не шығады? Дәл осы тендер шарттарының кесірінен аймақтық телеарналардың құқығы шектеледі. Бағдарламалар мен топтамаларды эфирден көрмеуіміз жиілеп кетеді. Ал однда неге оларды түсіреді? Сөреге қойып қою үшін түсіреді ма? Неге аймақтық телеарналарға сапалы контент жасауына мүмкіндік бермейді?», - деп, ашындыШакизада Абдікәрімов.

Аймақтық телеарналарды сандық хабар тарату жолына көшкенде қандай болашақ күтеді? Елде тек бір ғана сандық хабар тарататын оператор қалу керек па немесе осы салада да бәсекелестік қажет па – деген ащы тақырыптарға «Новое ТВ» телеарасының директоры Руслан Никонович тоқтала кетті.

Атқарушы директор Шолпан Жаксыбаева осы күнгі көтеріліп жүрген отандық телевидениенің дамуы мәселелері жөнінде Мемлекеттік хатшы Марат Тажинмен айтылғанын және ҰТТА мүшелері жоқ дегенде соңғы 7-8 жыл бойы барлық қоғамдық алаңдарды және баспасөз беттерінде үнемі айтып жүргендерін айтты. Ол телерадиохабарларын тарату саласының барлық қатысушыларының дамуына бірдей жағдай жасалу керектігін алға тартты. Төменгі рейтингтегі мемлекеттік телеарналарды пайдасыз қаржыландыруды тоқтатып, оларды нарықтық экономика арнасына қайтару керектігі туралы айтты. Жаңа түкке тұрғысыз мемелекеттік аранлырды ешқандай байқаусыз көбейтуді тоқтату керектінін айтып кетті. Оның айтуынша, бұл тек үлкен мұз таудың шыңы ғана.

Сонымен қатар ол ҰТТА мүшелерінің ат салысуымен бірінші рет спутнтктік пакетте аймақтық екі телеарна қосылғаны туралы айтты және соның арқасында көрермендер мемлекеттік араның аймақтық бөлімшесі мен өз жерлестерінің проблемаларымен өмір сүріп жатқан нағыз аймақтық телевидениенің айырмасын аңғара алады деп мәлімдеді. Ол мемлекеттік арналардың бөлімшелері жеке аймақтық телеарнаға айналғаны туралы «Арман слайды» арқылы көпшілік назарына ұсынды.

Қазақстан ҰТТА кездесулері: пайдалы және жағымжы

Дөңгелек үстелден кейін ҰТТА Іскерлік кездесуіне келген қонақтарды ресейдің телевизияның өрлеуі және брендинг бойынша сарапшысы «MediaBrand» конференциясының директоры Регины Юркинаның «Мировые тренды в области телевидения и new media» атты тренингі күтіп тұрды. Ол соңғы кезгі үрдістер туралы айтты, сондай-ақ әлеуметтік желілерде көп көңіл бөлінетін жарнама және брендинг жүргізетін арналарға кеңес берді. «Үлкен емес телеарналар үшін брендтің барлық ерекшеліктерін көрермен оны басқа біреулермен шатастырып алмас үшін ұстап қалу маңызды, ол: стилистикада, безендіруде, түстерінде. Телеарнада әр ұран 5 жылға жарамды. Мезгілдік ұрандар бар, бірақ басты уәде өзгерусіз қалады (кеңінен Гүлім Амірханованың жобасында).

ҰТТА Іскелік кездесуінің екінші күні томск телеарнасының «Бессмертный полк»телевизиялық презентациясынан басталды. Ол туралы жоба үйлестірушісі Сергей Колотовкин айтып берді. Ең алғаш рет Ұлы Отан Соғысы ардагерлеріне арналған «Бессмертный полк» патриоттық акциясы Томск қаласында өткен жылы өтті. Акцияның ұйымдастырушылары ретінде жергілікті журналисттер Томск қаласының тұрғындарын Ұлы Отан Соғысы жылдарында қайтыс болған немесе Жеңістің 67-ші жылдығына дейін жетпеген сарбаздар мен туыстарын қастерлеп еске түсіріп, олардың суреттерін 9 мамыр мерекелік шеруінде алып журді. Оның сөзінше, осы уақытқа дейін Ресейдің 35 қаласының тұрғындары акцияға өз үлестерін қосып, қатысамын деп ниет танытқан. Осы жобаға Белорусияның мемлекеттік телеарналары өз қызығушылықтарын танытты. Томск қаласының тұрғындары егер осы жоба жалғасын Қазақстанда тауып жатса, қазақстандық телеарналарға өз көмектерін беруге даяр екенін білдірді.

Содан соң Интерньюс Нетворк жоба басшысы Ольга Каплина«ТВ-обмен» атты тренинг өткізді. Интерньюсттың инновация және жаңа баспасөз бойынша кеңесшісі Олег Гант жаңа баспасөздің трансформация және оқырмандармен диалог орнату жөнінде көзқарасын айтты.

Екі күн тез арада өтіп кетті. Аймақтық телеарналардың басшылары келесі жылы тағыда кездесу үшін қоштасты.

ҰТТА құрамына кіріңіздер. Біз бірге – жігерліміз!

Қазақстан Ұлттық Телерадиохабар Таратушылар Ассоциациясы – жеке телеарналардың және кәбілді телевидение операторларының бірлескен қоғамы. Ассоциация күші оның бірлестігінде. Өзінің жұмыс істеген 10 жылы ішінде ҰТТА жеке хабар таратушылардың қызметін жақсартуда көптеген жұмыстар атқарды.

Руслан Никонович, «Новое ТВ», телеарнасының директоры, Караганды қаласы:-Құрметті әріптестер – жеке телекомпания басшылары! Егер сіз жалғыз өзіңіздің дауысыңыздың естілгенін қаласаңыз, мәселелеріңіздің шешілгенін қаласаңыз – сіздің ол тілегіңіз ешқашан орындалмайды. Менің сөзіме сеніңіздер! Шешімнің бір жолы – сіздің дауысыңыздың басқа ондаған дауыспен қосылғаны. Қазақстан ҰТТА біздің Ассоциациямыздың құрамына кезекті қабылдауды хабарлайды. Осы керемет мүмкіндікті қолдансаңыздар болады. Біз Қазақстанның ақпараттық кеңістігін бірлесе және тиімді жақсарту үшін өз қатарымыздың әріптестерімізбен толығатынына қуаныштымыз.

Участники

  • Ақмола облысында су кірген үйлердің бірінен әйел адамның денесі табылды
  • В ЮКО назначен первый заместитель прокурора
  • В Казахстане вновь актуален вопрос относительно Единого Национального Пенсионного фонда
  • На тренировке национальной сборной по казахской борьбе

Мейрамдар

  • МАМ. 3
    Халықаралық баспасөз бостандығы күні
  • МАМ. 7
    Радио күні
  • МАУ. 28
    Қазақстан журналистер күні
Твиты пользователя @NatKaz2014

Әріптестер