Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша ҚР Үкіметінің қаулысы

16.06.2015

Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиарды және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 395 қаулысы

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2), 4) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
қосымшаға сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган болып айқындалсын.
қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 3, 62-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 1 маусымдағы
№ 395 қаулысына
қосымша

Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы екінші санаттағы рұқсаттар

Р/с

Рұқсат беру рәсімінің атауы

Рұқсаттың және жүзеге асыру үшін рұқсаттың болуы талап етілетін қызмет (әрекет) түрінің атауы

1

2

3

1-сынып - «қызметке берілетін рұқсаттар»

1.

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою туралы куәлік

2.

Отандық теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою

Отандық теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою туралы куәлік

3.

Мерзімді баспасөз басылымдарын және ақпарат агенттіктерін есепке, қайта есепке қою

Мерзімді баспасөз басылымдарын және ақпарат агенттіктерін есепке, қайта есепке қою туралы куәлік

Участники

  • Бүгін президент олимпиада жүлдегерлерін марапаттады
  • «Ордабасы» обыграл «Кайрат» на своем поле
  • В Казахстане вновь актуален вопрос относительно Единого Национального Пенсионного фонда
  • На тренировке национальной сборной по казахской борьбе

Мейрамдар

  • ҚЫР. 8
    Халықаралық журналистер ынтымақтастығы күнi
  • ҚАЗ. 23
    Жарнама қызметкері күні
  • ҚАЗ. 24
    Халықаралық ақпарат және даму күні
Твиты пользователя @NatKaz2014

Әріптестер