Теле -, радиоарналар назарына!

08.06.2016

Құрметті Қазақстан ҰТТА мүшелері!

Елбасы Өкімімен 9 маусым ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
«Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты Қазақстан Республикасында ұлттық аза тұту жариялау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі жарияланды.

ҚР "Жарнама туралы" Заңының 8 баптың 4-тармағына сай "Ұлттық аза тұту күндерінде теле-, радиоарналарында жарнамаға тыйым салынады."

Ұлттық аза тұту күндеріне байланысты ортақ ұсыныстар:

- мемлекеттік ту түсіріледі;

- барлық ұлттық теле-радиоарналарда көрсетілетін ойын-сауық бағдарламалары тоқтатылады;

- жарнама тарату тоқтатылады;

- радиостанцияның музыкалық плейлисті өзгертіледі (би әуендері алынып, баяу әуендер қойылады);

- спектакль және цирктік қойылымдарды отқтату немесе басқа күнге ауыстыру ұсынылады.


Қазақстан Республикасының "Жарнама уралы" Заңы "жүгіртпе жол - жарнама таратудың теледидар бойынша, кино және бейнеқызмет көрсетуде берілетін тәсіл, ол теледидар экрандарында, сондай-ақ дербес мониторларда - тұрақты орналастыру объектілерінде жиынтығымен белгілі бір ақпаратты құрайтын әріптер, цифрлар, белгілер тіркесінің тізбектесіп алмасуымен (қозғалуымен) сипатталады" деп түсіндіреді.

Сонымен заң жүгіртпе жолды жарнама таратудың бір тәсілі деп қарастырады. Бірақ жүгіртпе жол арқылы таратылатын ақпараттың бәрі бірдей жарнама бола алмайды.

Заңның 2-бабына назар аударсақ. Мұнда "Осы Заң жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты болмайтын хабарландыруларына, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарландыруларына, сондай-ақ ҚР заң актілеріне сәйкес жүзеге асырылатын саяси үгіт пен насихатқа қолданылмайды" деп көрсеткен. Демек, жоғарыда көрсетілген талаптарды ескере отырып жұүгіртпе жолды қолдануға рұқсат.

Участники

  • Ақмола облысында су кірген үйлердің бірінен әйел адамның денесі табылды
  • В ЮКО назначен первый заместитель прокурора
  • В Казахстане вновь актуален вопрос относительно Единого Национального Пенсионного фонда
  • На тренировке национальной сборной по казахской борьбе

Мейрамдар

  • МАМ. 3
    Халықаралық баспасөз бостандығы күні
  • МАМ. 7
    Радио күні
  • МАУ. 28
    Қазақстан журналистер күні
Твиты пользователя @NatKaz2014

Әріптестер