Сұрақ-жауап

Қазақстан ҰТТА құқықтық қызметі:

  • Ассоциация мүшелеріне заң тарапынан көмек көрсету;
  • БАҚ айналасындағы заң шығару бастамаларына қатысу;
  • Заң сұрақтары бойынша өкімет және мемлекеттік басқару органдарынан тұжырымдамалар алу;
  • Конференциялармен семинарлар өткізу және ұйымдастыру ;

Мұнда сіз Ассоциация мүшелері өз қызметін атқаруда Қазақстан ҰТТА заңгерлеріне жиі қойылатын сұрақтарына жауабтыран таба аласыз.

1. Жеке тұлғаның тікелей эфирде айтқан пікірі үшін телекомпания жауапкершілікке тартылады ма?

«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі №451-1 Заңының 26 бабының 4 тармағына сәйкес, егер олар алдын ала жазылып алынбай эфирге шығарылатын авторлық сөздерде айтылса , бас редактор (редактор), журналист бұқаралық ақпарат құралдырында шындыққа сай келмейтін мәліметтерді таратса жауапкершілікке тартылмайды,

2. Кәбілдік және эфирлік хабар тарату үшін бас лицензияны алу тәртібі қандай?

Мемлекеттік лицензиялауға қатысты қызметтер мен белгілі әрекеттер (операциялар) «Лицензиялау туралы» ҚР Заңымен 1995 жылдың 17 сәуірінен бастап реттеледі.

Кәбілдік телевизиялық желі арқылы телебағдарламалар тарату және телевизиялық, дыбыстық бағдарламаларды эфирлік желі арқылы таратуда қызмет ететін мекемелер лицензия алауға тиіс.

Жоғарыда көрсетілген пошта байланысы және телекоммуникация қызметтері сондай-ақ 6-бапта көрсетілген. Қазақстан Республикасында пошта байланысы мен телекоммуникациялар саласындағы кәсіпкерлік қызметті лицензиялау, радиожиілік спектрін пайдалану тәртібі туралы Ереже, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 қарашадағы №1443 қаулысымен бекітілген.

Лицензия (патент) оның иесiнiң белгiлi бiр аумақтың шекарасында көрсетiлген мақсатында сәйкес лицензияда айтылған талаптар мен шарттарды сақтай отырып, белгiленген мерзiмнiң iшiнде пошта байланысы мен телекоммуникациялар саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру құқығын куәландыратын құжат болып табылады. (Ереженің 8-бабы)

Әр кәсіпкерлік қызмет түріне жеке лицензия (патент) беріледі, ол басқа қызмет түріне пайдалануға тиіс емес. Кәсiпкерлiк қызмет көрсету жөнiндегi жұмыстың бiрнеше түрiн жүргiзуге, егер олар өтiнiш берушiнiң қарауындағы байланыс жабдықтарының бiртұтас технологиялық кешенi арқылы атқарылатын болса, бiр лицензия берiлуi мүмкiн. (Ереженің 13 -бабы)

Лицензия радио байланысы, радио хабарлары мен теледидар саласындағы кәсiпкерлiк байланыс қызметiн жүзеге асыруға үш жыл мерзімге беріледі (Ереженің 14-бабы). Дәл осы жағдайда, Қазақстан Республикасының 1995 жылы 17 сәуіріндегі Заңының 4-бабтың 1-тармағын пайдалануымызға болады, ол жерде былай делінген: егер бірыңғай технологиялық кешенге енетін болса, қызметтің бірнеше түріне бас лицензия беруге жол беріледі.

Лицензия берудің қандай шарттары бар?

. Өтініш беруші телевизиялық және (немесе) радиохабар тарату қызметін ұйымдастыруда лицензия қызметтiң осы түрiне қойылатын талаптар бойынша бiлiктiлiк деңгейi сай келетiн субъектiге берiледi Біліктілік талабы мынандай құжаттардың мемлекеттік және орыс тілдерінде болғанын талап етеді:

1) теледидар және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру саласындағы бұрынғы қызметінің тәжірибесі мен ауқымы және техникалық мүмкіндіктері, сондай-ақ қызметтерді тұтынушылармен өзара қарым-қатынас жөніндегі дербестік деңгейі (дербес жүзеге асырылады немесе делдалдар - "қызметтерді көрсетушілер" талап етіледі) туралы мәліметтер көрсетілген өтінім;

2) Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бөлінісіне байланыстырылған даму кезеңдері бойынша қызметті жүзеге асыру аумағының картасы;

3) штатында теледидар және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі кәсіби жоғары немесе орта арнаулы білімі бар шығармашылық және инженерлік-техникалық қызметкерлердің бар-жоғы туралы мәліметтер және осы саладағы кемінде бір жыл жұмыс стажы болуы тиісті;

4) хабар таратудың тәуліктік орташа көлемі көрсетілген теледидар және (немесе) радио бағдарламаларының тұжырымдамасы және хабар тарату кестесі;

5) көп бағдарламалы теледидар және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру үшін теледидар және (немесе) радио арналардың тізбесі;

6) лицензия алған сәттен бастап қызметтерді ұсынудың басталуы көрсетілген өтініш берушінің бизнес-жоспары;

7) теледидар және радио хабарларын тарату саласындағы қолданыстағы стандарттарға сәйкес теледидар және (немесе) радио бағдарламаларының техникалық сапасын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелер;

8) лицензияланатын қызмет түрін сапалы және қауіпсіз жүзеге асыруды қамтамасыз ету жөніндегі үлгі шарт;

9) негізгі техникалық шешімдер туралы мәліметтер:

теледидар және (немесе) радио бағдарламаларын әзірлеу және (немесе) тарату кезінде пайдаланылатын техникалық үй-жайлармен таңдап алынған жабдықтың түрлері көрсетілген қолда бар немесе жоспарланған материалдық-техникалық база туралы; Лицензиялық алымның сомасы қандай?

Қазақстан Республикасының салық және бюджетке төленетін басқада міндеттер туралы (Салық кодексі) Кодексінің 454-бабына сәйкес, лицензия алатын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушілер болып табылады.Осы кодекстың 476 -бабына сай, алымдардың сомалары ҚР Үкіметі белгiленген ставкалар бойынша және тиiстi құжаттарды лицензиарға бергенге дейiн төленедi.Алым сомасы бюджетке алым төлеушінің мемлекеттік тіркеуге орналасқан жері бойынша салық төлеуші ретінде төленеді.

Лицензиялық алым ставкасы пошта байланысы мен телекоммуникациялар саласындағы көрсетілетін қызметі және телевизиялық және дыбыстық (радиохабар тарату) бағдарламаларды трансляциялау қызметі бойынша 6 айлық есептік көрсеткішке тең.

3. «Жасырын» камераға түсіру рұқсат етілген бе?

«Бұқаралық ақпарат құралдыры туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23-шілдедегі №451-1 Заңының 20 бабының 3 тармағына сәйкес журналист Қазақстан Республикасының заң актілерінде тыйым салынған жағдайларды қоспағанда, жазбалар, соның iшiнде оларды дыбыстық және бейне техникаларын, кино және фото түсiру құралдарын пайдалануына құқысы бар.

Түсірілім жасауға тыйым салынатын заң актілеріне сай жағдайлардың тізімі.

1) Журналист азаматтан сұхбат алып жатқан кезінде аудио -. Немесе бейнежазбақұралдарын пайдаланатынына рұқсат алуға тиіс («Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңның 21-бабының 4-1 тармақ) Жураналист жеке тұлғаны және заңды тұлғаныың құқығын және мүддесін сыйлауға тиіс (осы баптың 4-тармағы ).

2) Күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталғандардың қауiпсiздiгi мен олардың күзетiн қамтамасыз етушi объектiлердi кино, фото және бейнекөрiнiске түсiру түзеу мекемесi, тергеу изоляторы әкiмшiлiгiнiң рұқсатымен жүзеге асырылады.Сотталғандарды кино, фото және бейнекөрiнiске түсiру, олармен сұхбат жүргiзу, соның iшiнде аудио-, бейнетехника құралдарын пайдалану сотталғандардың өз келiсiмiмен жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасының №208-я 13.1397ж. Қылмыстық атқару кодексінің 21-бабы).

3) Қандай да бiр адамның суреттiк бейнесiн оның келiсiмiсiз, ал ол қайтыс болған жағдайда - мұрагерлерiнiң келiсiмiсiз пайдалануға ешкiмнiң де құқығы жоқ.Басқа адам бейнелеген бейнелеу туындыларын (сурет, фотосурет, кинофильм және басқалар) - бейнеленген адамның келiсiмiмен, ал ол қайтыс болғаннан кейiн оның балалары мен артында қалған жұбайының келiсiмiмен ғана жариялауға, қайта шығаруға және таратуға жол берiледi. Егер заң құжаттарында белгiленсе, не бейнеленген адам ақы алып кескiнделген болса, ондай келiсiм талап етiлмейдi. (Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 145-бабы).

4) Дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды қолдану міндеті жүктелген адамның мұндай шараларды сақтамауы, егер осы әрекет адамдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірсе -айлық есептiк көрсеткiштің жетi жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға, не екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. (Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі 16.07.97 №167-я. 142-баптың 2 тармағы (жеке адамныңөміріне тиіспеушілігі).

4. Кейіпкерлермен сюжетті келісу керек па?

«Бұқаралық ақпарат құралдыры туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 21-бабына сәйкес, сюжетті келісу журналисттің міндетіне жатпайды.

5. Журналисттің сауалына мемлекеттік мекеме қанша мерзім аралығында ақпарат беруіне міндетті?

Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 28-бабының 2-1-тарамғына сәйкес, мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдар сұратылып отырған ақпаратты өтiнiш түскен күннен бастап үш күннен кешiктiрмей беруге не беру мерзiмiн немесе беруден бас тарту себебiн көрсете отырып жауабын беруге мiндеттi. Қосымша зерделеудi және тексерудi қажет ететiн өтiнiшке жауап ол келiп түскен күннен бастап бiр ай мерзiмнен кешiктiрiлмей берiлуге тиiс.Бұқаралық ақпарат құралынан қойылған мәселелердi шешу құзыретiне кiрмейтiн мемлекеттiк органдарға немесе өзге де ұйымдарға өтiнiш келiп түскен жағдайда, осы өтiнiш бес күн мерзiмнен кешiктiрiлмей тиiстi органдарға жiберiлiп, бұл туралы бұқаралық ақпарат құралына хабарлануға тиiс.

6. Депутаттыққа кандидат, мемлекеттік мекеменің л ауазымды қызметкері бола тұра өзінің құзыретіне кіретін сұраққа түсіндірме берді (облыстағы құбыр төсеу бойынша). Оның сөздері бар жазба таңдау алды үгіт-насихаты болмай тұрып көрсетілген. Егер кандидат эфирге шығару кезінде осы қызметті атқармай тұрып, телекомпания таңдау алды үгіт-насихаты кезінде, алдында жасалған жазбаны кандидаттың қызметін көрсетіп эфиргде көрсете алады ма? (Облыста құбыр төсеу проблемасы және осы проблема бойынша пікірлер бүгінгі күннің өзекті мәселе болып саналғандықтан, жазбаны эфирде көрсету бастамасы телекомпаниядан шығып отыр)

«Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Конституциялық заңы 1995 жылдың 28 қыркүйегі №2465 заңының 47-бабының 1-тармағында айтылғандай, Президенттiкке, Парламент, мәслихаттар депутаттығына кандидаттар тiркелген күнiнен бастап сайлау қорытындысы жарияланғанға дейiн жұмыстан босатылуға құқылы. Осыдан барып, кандидат қызметін сайлау өту мерзіміне дейін тоқтатады. Ары қарай, жоғарыда көрсетілген заңның 27-бабының 4-тармақтың 1-тармақшасына сай, мемлекеттiк органдарға, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына, сондай-ақ қызметтік мiндеттерiн орындау кезінде олардың лауазымды адамдарына сайлау алды үгіт-насихатын жүргізуге тыйым салынады. Бұл жағдайда , телекомпания кандидаттың қызметін, жазба жасалған күнін және телекөрерменді кандидаттың сайлауға қатысуына байланысты қызметін тоқтатқаны туралы мәлімдеуі тиіс. Кандидат, болашақ жергілікті атқарушы билік өкілі ретінде өз қызметін атқарды, яғни құбыр төсеу туралы өз пікірін айтты.

7. Авторық қоғам құрудың қандай тәртіптері бар?

Қоғамдық бірлестіктер ретінде Авторлық ұйымдар ұйымдық-құқықтық нысан құрылуы мүмкін. «Коммерциялық ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 11 -бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн ортақ мақсаттарға жету үшiн азаматтардың ерiктi бiрiгуi нәтижесiнде құрылған ұйым, егер заңдарда өзгеше белгіленбесе қоғамдық бiрлестiк болып табылады. «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабына сайкес, Қоғамдық бірлестік жарғы қабылданатын және басшы органдар қалыптастырылатын құрылтай съезін шақыратын, Қазақстан Республикасы азаматтарының кемiнде ОН адамынан тұратын тобының бастамасы бойынша құрылады. Авторлық құқық Заңының 43-бабы, 3-тармағына сәйкес мүліктік құқықтарды ұжымдық басқарумен айналысатын мекемелер тікелей авторлық және сабақтастық құқықтар иегерлерінен құрылады және жарғы негізінде олардан алған уәкіл бойынша әрекет етеді. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін алым төлеу ставкаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының № 1660 2001 жылғы 19 желтоқсанындағы Қаулысына сәйкес тіркеу 7600 теңгеге сай келеді. Заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiне мемлекеттiк (есептiк) тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң телнұсқасын берген кезде заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн алым төлеу ставкасы 50 теңгенi құрайды.

8. Бұқаралық ақпарат құралының атауы өзгерген жағдайда телерадиохабар таратуға рұқсат етілген лийензияны қайта рәсімдеу қажет па?

Қазақстан Республикасының 17 сәуір 1995 жылғы №2200 «Лицензиялау туралы» Заңының 25-бабына сәйкес, аты өзгерген жағдайда заңды тұлғалар бұл туралы мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса тiркей отырып, бiр ай мерзiм iшiнде лицензиарға жазбаша келесі жағдайларда хабарлауға мiндеттi:

1) атауы болмаған жағдайда (Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген);

2) тұрған жері (егер ол лицензияда көрсетілген болса) өзгерген жағдайдаЛицензиар тиiстi жазбаша өтiнiшiн берген күннен бастап лицензияны қайта ресiмдейдi.

9. Ресейлік арналардың бағдарламаларын қазақ тіліне аударып, оны жеке өзіңнің бағдарламаң ретінде қарауға болады ма? Аударуға рұқсат керек па?

Қазақстан Республикасының 1996 жылға 10 маусымындағы №6-1 «Автолық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңының 12-бап, 1-тармағына сәйкес, аудармашы өзi аударатын өнімді туынды авторының авторлық құқығын сақтаған жағдайда өзi жасаған туындыға авторлық құқықты пайдаланады. Жоғарыда көрсетілген заңның 15- бап 1-тармақ 1-тармақшасына сай, автордың жеке мүліктік емес құқығы болып табылатын туындыға қол сұғуға жол бермеу құқығы берілген. Бұл бастапқы туындының авторы өз туындысын аударуға рұқсат етуге немесе рұқсат бермеуге құқысы бар дегенді білдіреді. Заңның 5-бабына сәйкес, автор немесе өзге құқық иеленушiнiң туындыны пайдаланудың әрбiр түрi үшiн сыйақы алуға құқығы бар (аудару пайдаланудың түріне жатады), оның мөлшерi авторлық шартта белгiленедi. Заңның 31-бап 1-тармағына сәйкес, Автордың мүлiктiк құқықтары авторлық шарт бойынша пайдалану үшiн берiлуi мүмкiн.

10. Авторлық қоғаммен келісім-шартқа отыру міндетті ма?

Қазақстан Республикасының 1996 жылға 10 маусымындағы №6-1 «Автолық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңының 16-бап, 5 тармағына сәйкес, Автордың немесе өзге құқық иеленушiнiң туындыны пайдаланудың әрбiр түрi үшiн сыйақы алуға құқығы бар, оның мөлшерi авторлық шартпен, сондай- ақ авторлардың мүлiктiк құқықтарын ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдармен жасалатын шарттармен белгiленедi. Заң қолданушыларына түскен авторлық сыйақыны авторлық құқық иеленушілеріне үйлестіруге міндетті авторлық қоғамдармен келісімге немесе авторлық құқық иесімен авторлық келісім-шартқа отыруға таңдау рұқсатын береді. Аталған Заңның 48-бабына сәйкес, авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзғаны үшiн Қазақстан тартылады.

11. Телерадиокомпания сұхбат кезінде бейнежазба жасауына құқысы бар ма?

Ия, бірақ тек сұхбат беруші рұқсат берген жағдайда. Бұған «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдеде №451-1 Заңының 21-бабы 4-тармағында көрсеткендей, журналист бейнежазбаны тек оған рұқсат алғанда ғана жасауға құқысы бар.

12. Ең төменгі авторлық сыйақыны Мемлекет қандай негізге сай белгіледі?

«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымындағы №6-1 Заңының 16-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкiметi авторлық сыйақының ең төмен ставкаларын келесі жағдайларда белгiлейді :

туындының сипатына немесе оны пайдалану ерекшелiктерiне (жұртшылық алдында, оның iшiнде радиода және телевизияда орындауға, туындыны механикалық, магниттiк немесе өзге де жазба арқылы қайта шығаруға) байланысты мүлiктiк (айрықша) құқықтарды жеке тәртіппен iс жүзiнде жүзеге асыру мүмкiн болмаған жағдайда.

13. Коммерциялық құпияға қандай мәліметтер жатады?

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 126-бап, 1-тармағына сәйкес, қызметтiк немесе коммерциялық құпия болып табылатын ақпарат азаматтық заңдармен қорғалады.

Қызметтік құпия- мемлекеттік құпияның құрамына кіруі мүмкін, жарияланған немесе жоғалған жағдайда мемлекеттің ұлттық мүдделеріне, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары мен ұйымдарының мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін жекелеген деректер сипаты бар мәліметтер (ҚР 1999 жылғы 15 наурызындығы №349-1 «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңының 1- бап 3-тармағы).

Коммерциялық құпия - жеке кәсіпкерлік субъектісі айқындайтын және қорғайтын, заңды негізде еркін қол жеткізуге адамдардың шектеулі тобы ие болатын, жариялануы, алынуы, пайдаланылуы оның мүдделеріне залал келтіруі мүмкін ақпарат.

14. «Қазтелерадио» АҚ антенно-діңгектің құрылысына хабарлағыш жабдықтың қуатына сәйкес орынға төленетін жалгерлік ақыны тағайындайды. Осы заңды ма?

Жалгерлік ақы жалға берушінің жалдаушыға берген ауданға байланысты. Пайдаланатын электр энергиясының мөлшері жабдықтың қуатына байланысты. Электр энергиясының бағасы электр энергияның есеп көрсеткіш құрлына сай жалға алушымен төленеді және жалгерлік ақының бағасына кірмейді. Бірақ, есептегіш құралдың болмаған жағдайында, төлем мөлшері жабдықтың қуатына сай, хаттама дайындаудың және бақылау өлшемінен алынған шешіміне байланысты төленеді.

15. Журналист материалдың жариялауына бас тарта алады ма?

«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдеде №451-1 Заңының 20-бап 9-тармағына сәйкес, журналист материалдың мазмұны редакциялық түзетуден кейін жеке сеніміне қайшы келсе, оған өз қолы қойылып жариялануынан бас тартуға құқысы бар.

16. Жеке кәсіпкер өз мекемесінің төңірегіне журналисттерді бейнетүсірілім жасауға кіргізбеуге құқысы бар ма?

Азаматтық кодекстің 188-бап 1-тармағына сәйкес, Меншiк құқығы дегенiмiз субъектiнiң заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзiне тиесiлi мүлiктi өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы. Меншік иесі өзінің аумағына тиісінше өкілеттігі бар мемлекеттік мекеменің лауазымды тұлғаларынан басқа, кез-келген адамды кіргізбеуіне құқылы.

17. Хабар тарату аумағы кеңейген жағдайда БАҚ-ын қайта есептеу керек па?

Бұқаралық ақпарат құралдырын және ақпарат агенттіктерін Есепке алу жөніндегі Нұқсауды бекіту туралы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрінің 2001 жылғы 03 қыркүйектегі №175 бұйрығының 16-тармағына сәйкес, БАҚ-ын мынандай өзгертулер енгізген жағдайда қайта есепке қою міндеттелмейді:

1) редакцияның немесе меншік иесінің мекен-жайы;

2) шығару мерзімділігі, эфирге шығу көлемі;

3) таралымы;

4) бас редакторы (редакторы) өзгергенде.

Демек, эфирге шығу көлемі өзгерген жағдайда БАҚ-ын қайта есепке алу қажет етпейді.

18. Қандай жағдайда БАҚ қайта есепке алынады?

Бұқаралық ақпарат құралдырын және ақпарат агенттіктерін Есепке алу жөніндегі Нұқсауды бекіту туралы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрінің 2001 жылғы 03 қыркүйектегі №175 бұйрығының 14-тармағына сай, мынандай өзгертулер енгізген жағдайда БАҚ және Агенттік қайт есепке қойылуы тиіс:

1) меншік иесі;

2) меншік иесінің ұйымдық-құқықтық нысаны;

3) меншік иесінің атауы;

4) БАҚ немесе Агенттіктің аты;

5) басылымның немесе хабардың тілі;

6) таралу аумағы;

7) негізгі тақырыптық бағыты өзгерген жағдайларда қайтадан есепке қойылуға жатады.

19. Диктофонға жазу кезінде сұхбат берушінің келісімін алу міндетті ма?

Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 21-бап 4-1-тармағына сәйкес, журналист азаматтардан сұхбат алу кезінде дыбыс-, және бейне жазбаларын қолдануына рұқсат алуы тиіс.

20. Мемлекеттік мекемеде ұйымдарды аккредиттеудің артықшылықтар қандай?

Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 22-бабына сәйкес, журналист аккредиттелген мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктер мен ұйымдар оны өткiзiлетiн отырыстар, кеңестер және өзгеде шаралар жөнiнде оған алдын ала хабарлауға, стенограммалармен, хаттамалармен және өзге де құжаттармен қамтамасыз етуге мiндеттi. Жабық шара өткiзу туралы шешiм қабылданған жағдайларды қоспағанда, аккредиттелген журналистiң өзiн аккредиттеген мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктер мен ұйымдар өткiзетiн отырыстарға, кеңестерге және басқа да шараларға қатысуға құқығы бар.

21. Тікелей эфирде таратылатын теріске шығарылған мәліметтерді кім төлейді?

Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 19-бап 2-тармағына сәйкес, егер азаматтың немесе заңды тұлғаның ар-намысына, қадір-қасиетiне немесе iскерлiк беделiне нұқсан келтiретiн мәлiметтер бұқаралық ақпарат құралдарында таратылса, олар сол бұқаралық ақпарат құралдарында тегiн терiске шығарылуға тиiс. Сонымен бірге, Осы Заңның 26-бап 4-тармағына сай, алдын ала жазылып алынбай эфирге шығарылатын авторлық сөздерде айтылса, бас редактор (редактор), журналист бұқаралық ақпарат құралында шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратқаны үшін жауапкершілікке тартылмайды.

Участники

  • Елжан Биртанов: Пусть врач-реаниматолог получает 500-600 тысяч

Мейрамдар

  • ҚАЗ. 27
    Халықаралық дыбыстау-бейнелеу мұралар күні
  • ҚАР. 21
    Халықаралық телевидение күні
  • ЖЕЛТ. 15
    Кәсіби міндетін атқару кезінде құрбан болған журналистерді еске алу күні
Твиты пользователя @NatKaz2014

Әріптестер