Жаңа он жылдық

Мемлекет Т әуелсіздігіне 20 жыл, Қазақстан Ұлттық Телерадиохабар Таратушылар Ассоциациясына 10 жыл: жаңа он жылдыққа жеңіспен және жетістікпен кіру!

Өз қатарында жеке ортақ ұлттық және аймақтық телеарналарды біріктіретін, Ұлттық Ассоциация екі бірдей мереке тойлауда - Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдық және Ассоциацияның 10 жылдық тойы. Ассоциация мүшелерін бірлестіктермен олардың әріптестері, достары құтықтады. Нақтырақ айтар болсақ Ассоциацияның атына өз құтықтауларын жеткізген:

Талғатбек Абайдильдин, Қазақстан Республикасының Сенат Парламентіның Депутаты:

-. Он жыл аралығында Қазақстан Ұлттық Телерадиохабар Таратушылар Ассоциациясы жеке хабар таратушыларды табысты қолдаумен мақастты түрде айналысып келеді . ШҚО бұрыңғы әкімі ретінде мемлекеттік емес жергілікті телеарналар аймақтың дамуына баға жетпес үлес әкелетінін растай аламын Олар Экран бетінен әр затты өз атауымен атап, жетіспеушілікті ашықтан-ашық айта отырып қауіп-қатерлерді жиі алдын алады. Аймақтың күн-көрісін жақсартуды көздейтін адал басшылар үшін мұндай арналар әкімнің әр қадамын мақтайтын арналардан әлде-қайда пайдалы.

Қазақстан ҰТТА - өзінің азаматтық принциптілік ұстанымымен жүріп, телерадио хабарларын тарату саласын әлеуметтік өмірлік өрісін демакратияландыратын және оны ары қарай жақсартатын қоғамдық мекеменің үлгі-нұсқасы.

Шын жүректен алғыс айта отырып, Сіздерді еліміздің 20 жылдық Тәуелсіздігімен және Ассоциацияның 10 жылдық мерей тойымен құтықтаймын!

Айгуль Соловьева, Казахстан Азаматтық Альянс Үйлестіру Кеңесінің Төрайымы:

- Қазақстан Ұлттық Телерадиохабар Таратушылар Ассоциациясы 10 жыл аралығындағы жұмыс барысында Мемлекет Басшысының алдыға тартқан «бостандық пен жауапкершілік - екі бірдей мағына». Қазақстанның Тәуелсіздік формуласын Қазақстанның азаматтық сектрының өкілі ретінде оған қойылған ерекше миссияны абыроймен жүзеге асыра білді 10 жыл ішіндегі Ассоциацияның жетістіктері осы мекеменің кәсіби белсенділігінің артуын көрсететіп, үнемі көпшіліктің пікірімен сай келе бермейтін, өзіндік пікірі, міндеті, және айтар сөзі бар мемлекет пен азаматтардың арасындағы дәнекерші рөлін атқарушы азаматтық қоғамның қатысушысы.

Ұлттық Телерадиохабар Таратушылар Ассоциациясы Қазақстанның дамыған, өркениетті және өскелен мемлекеттердің қатарына кіру кезеңінде 10 жылдық жолын игілікпен өтті, Қазақстандағы демократиялық ұстанымның дамуында Ассоциацияның маңызы мен үлкен рөлін мойындай отырып, Қазақстан Азаматтық Альянс атынан алғыс білдіремін және Еліміздің 20 жылдық тәуелсіздігімен құтықтаймын!

Олег Кациев, Интерньюс Нетуорк орталық Азия өкілділігінің Аймақтық Директоры:

- Осыдан он жыл бұрын тәуелсіз хабар таратушылардың басым бөлігін біріктіретін Қазақстан Ұлттық Телерадиохабар Таратушылар Ассоциациясы ресми түрде тіркелді. Шындығында біздің іскерлік ынтымақтастығымыз одан бұрынырақ басталды. Жиырма жыл бұрын Интерньюс Қазақстанда телехабар таратушыларына, кейінірек радио және газеттерге арнап өзінің алғашқы трениентерін бастады.

. Сол алғашқы жылдардың құлшынысы мен энергетикасы әлі де есімде Журналисттер, операторлар, станция басшылары, жарнама уақытын сату жөніндегі агенттер, бейне инженерлер ... Біз сонда хабар тарату жаңа -. дербес жұмысын бастадық Жеке кәсіптің бұл түрінде мемлекеттің, жергілікті басшылардың көмегіне жүгіну мүмкін емес ... Сала өзінің қатал бәсекелестігін, өкімін жүргізіп отырғандай және әр кім өз проблемаларымен жеке қалғандай көрінді. Бәрімізге ортақ іс, бизнес, кәсіп, кәсіби пікірталастар, тренингтер, дәрістер, сондай-ақ тренингтегі практикалық сабақтар арасындағы үзілістердегі және мәжіліс залы сыртындағы әңгімелер бір- бірімізге сенім артуға, идеямен бөлісуге және одан әрі іскерлік ынтымақтастыққтың орнауына әкелді.

Шын мәнінде, 10 жыл бұрын Қазақстан ҰТТА құру туралы шешіміміз біздің біріге қарым-қатынас жасауымыздың логикалық дамуы болып табылады.

Сондықтан осы жыл бәріміз үшін екі бірдей мерей тойға ұласты. 10 және 20 Біз үшін бұл жәй сандар емес. Бұл үздіксіз кәсіби өрістеумен даму жылдары. Бұл сіздердің қалаларыңыздың жергілікті жеке телеарна немесе радиостанция алу құқығына күрес жылдары, демек қоғамдық қажетті ақпараттың баламасына қол жеткізу құқығы. Бұл кейде бизнестегі мүддеңді қорғауда қатаң әр-түрлі кризистық қысым, үнемі күресу кезеңдері.

Күш және жүйкенің көп жұмсалуын талап етеді, қиындық, шиеленіс дегеннің бәрі болды және болады.

Бірақ осы жолды бірге өту оңайырақ және қызықтырақ. Сондықтан, Қазақстан ҰТТА он жылдықтарыңмен, тағы көп жыл бірге жұмыс атқарайық деген құтықтауды қабыл алыңыздар.

Аркадий Майофис, Томск Медиа Тобының директорлар кеңесінің Төрағасы:

- Бәріміз жалғыз бастадық. Бірақ іс жүзінде әр кім өз мемлекентінде отырып, бәріміз тұтастай бір саланы орнаттық. Мұнда мындаған адамдар жұмыс істейді және оның өнімдері ондаған миллион адамдардың сұранысына ие, мемлекетке миллиондаған салық төлеп отыратын сала.

Мемлекетке өз маңыздылықтарыңызды танытып, бірлестік құрдыңыздар. Онсыз біреудің назарын аудару, өз мүдделеріңізді қорғау, кәсіби өсу мүмкін емес. Соңғы он жылда мен Қазақстанда бірнеше рет болдым. Мен бірлестіктің қалай күшейгенін көрдім, өздеріңіздің жеке беделдеріңізбен оны көтердіңіздер, ал ол сіздегре қиын кезеңдерді жеңіп шығуға көмектесті және сіздерді біріктірді. Ары қарай да осылай болсын! Он жылдықтарыңызбен құтықтаймын! Сәттілік тілеймін!

Сейтқазы Матаев, Қазақстан Республикасының журналисттер Одағының Төрағасы :

- Қазақстан ҰТТА он жылдық жұмысында өзінің өміршеңдігін дәлелдеп, Қазақстанда жеке хабар таратуының дамуына маңызды рөл атқара отырып, әріптестерінің, сондай-ақ өкіметтік ұйымдардың арасында лайықты абыройға ие болды Заң бастамаларымен жұмыс жасай отырып, семинарлар мен тренингтер арқылы журналисттердің кәсіптік деңгейін көтеріп, оларға құқықтық қолдау көрсету арқылы ҰТТА аймақтық жеке телеарналар тұрақтылығын қамтамас етіп, аймақтық журанлисттердің дамуына көмектеседі.

Бірлестіктің алдында көптеген жеңістер мен табыстар барына сенемін.

Шын жүректен Қазақстан ҰТТА мүшелерін 10 жылдық мерей тойымен құтықтаймын және ары қарай өсіп-өрбуін тілеймін!

Тамара Калеева, «Әділ сөз» сөз еркіндігін қорғау Халықаралық қорының Президенті:

- Қазіргі кезде Маяковский әйгілі емес, бірақ Қазақстан Ұлттық Телерадиохабар Таратушылар Ассоциациясы туралы ойлай отырып қалай еске алмайсын: «Жалғыздық - қисынсыз, жалғыздық - нөл, бір, тіпті қанша жерден тәкаппар болса да бес қабатты үй тұрмақ, бес тұтам бөренені де көтере алмас». ҰТТА еліміздің жеке телекомпаниялары мен телеоператорларын біріктіріп, «Телерадио хабарларын тарату туралы» заңы, радиожиіліктерді бөлу бойынша айқындылық және тағы басқа мәселелер бойынша үдемелі түрде күресуде елеулі күшке айналған.

ҰТТА барлығынның ғана емес, сондай-ақ әр мүшесін қолдайтыны тамаша. Көзін ашады, көмектеседі, кеңестер береді ... былай қарағанда өз мүшелеріне көмектесіп жатқандай, бірақ біздің барлығымызға, телекөрермендерге жұмыс істейді. Қазақстанда кәсіпқой бірлестіктер көп, ҰТТА - жалғыз Телевизия саласында шешілетін мәселелер көп және жақын арада оның кемуі екі талай. Сондықтан, өжет пікірлес топ ұзақ өмір сүр, ұлғай және қатай!

Мария Стефурак, БАҚ пен азаматтық қоғам дамуы бойынша USAID жоғарғы маманы:

- Қазақстан ҰТТА құрылғана елеулі 10 жылдық мерей тойымен үлкен қуанышпен құтықтаймын. Осы жылдар аралығында Ассоциация баспасөз саласында бекіп, өз пікірталас аландарында аймақтық хабар таратушылардың үнін, тіпті аймақтық көрерменді де белсенді қоштап отырды. Сіздерді кәсіпқойлық және біліктіліктеріңіз үшін біліп, құрметтейді. Ассоциация мүшелері - телевидениенің дамуына немқұрайлы қарамайтын және оны қызықғырақ, тартымды етуге ұмтылатын телекомпаниялар мен мекемелер. Сіздерге жаңа мүмкіндіктер, үміт пен өркендеу және стратегиялық мақсатта жетістіктерге жетуді тілеймін!

10 жылдықтың құрметіне Ассоциация мүшелерінің жетістіктері және құрылу тарихы туралы ақпараттық естелік буклет шығарылды.

Телеарналардың әр қайсысы өз еңбектерімен мақсатты түрде жан-жақты шынайы ақпаратпен және сапалы контентпен қамтамас ете отырып, осы Қазақстанның керемет Тәуелсіз күнін жақындатты.

USAID және Интерньюс Нетуорк мекемелерінің қолдауымен Ассоциация алғашқы мерей тойын «Сандық фарматқа көшу кезінде жиілік хабар таратуды сақтап қалу» атты конференциясымен атап өтті. Конференцияға аймақтық телеарналар басшылары, кәбілдік хабар тарату операторлары және шақырылған спикерлер қатысты.

Конференцияда «Қазтелерадио» АҚ Басқарма Төрағасы Абай Қадралиев сөз сөйледі. Ол спутниктік жоба туралы, сандық эфирде хабар таратуға көшу туралы, «Қазтелерадио» АҚ -ның аймақтық жобалары туралы айтты. Қатысушылар сандық форматқа көшкенде жеке хабар таратушылардың келешегі туралы, тарифтік саясат жөнінде және оның техникалық қырлары туралы сұрақтар қойды. Абай Марабайұлы барлық сұрақтарға жауап беріп, Ассоциация мүшелерінің ынтымақтастық меморандумына қол қою ұсынысын қабыл алды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің зияткерлік меншік құқығы Комитетінің басшысы Гүлнар Какеннің сөздері қызықты әрі құнды болды. Ол сандық хабар тарату, авторлық және сабақтас құқықтарын сақтау қажеттілігі, хабар таратушылардың авторлық құқықты ұжымдық реттеу мекемелерімен өзара байланысы, жарнамалық материалдардың авторлық және сабақтас құқықтықтарын реттеу туралы баяндады.
Қатысушылармен оның баяндамасын қызу талқылады. Шешімі табылмаған мәселелер бойынша бірлесіп жұмыс істеуге тырысып, әрі-қарай ынтымақтастық құру шешілді.

Ольга Диденко, Интерньюс Нетуорк заңгері және Ерік Түнқатаров, Қазақстан ҰТТА заңгері конференцияда сандық форматқа көшу кезінде кездесетін құқықтық аспектілерге тоқталды және қатысушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді.

Конференция аяқталған соң Ассоциацияны құтытқтап, дипломдар мен грамоталар тапсырылды.


Участники

  • Елжан Биртанов: Пусть врач-реаниматолог получает 500-600 тысяч

Мейрамдар

  • ҚАЗ. 27
    Халықаралық дыбыстау-бейнелеу мұралар күні
  • ҚАР. 21
    Халықаралық телевидение күні
  • ЖЕЛТ. 15
    Кәсіби міндетін атқару кезінде құрбан болған журналистерді еске алу күні
Твиты пользователя @NatKaz2014

Әріптестер